Әмірхан ақын жайлы бүгінгі естеліктер...
Бөлісу:

«Мен ендігі өмірімді түс көрем,
Не боларын оянғасын болжармын.
Бұрын-соңды ешбір аруақ түспеген
Ортасында жүргендеймін жанжалдың...»
45 жасқа жетпей қазақтың талантты ақыны, тамаша әдебиеттанушы, зерттеуші, мифолог, түрколог Әмірхан Балқыбек дүниеден өтті...
Балбалтастан сыр іздеген, ата тарихымыздың қатпарларына үңіліп, «Қасқыр Құдай болған кезден» бергі заманға дейінгі аралықты зерделеп, Шыңғысхан шындығын қаузаған қайсар ақынның жақұт жырлары жүрегімізде, жарқын бейнесі жадымызда... Әлеуметтік желілерде, сайттарда қазақтың ардақты ұлы, ақыны Әмірхан Балқыбек жайлы естеліктер жарияланып жатыр. Біз соның басын біріктіріп назарларыңызға ұсынып отырмыз.
adebiportal.kz
Бөлісу: