Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік кеңесші «Алқа» жастар әдеби клубының о...

03.05.2025 675

Мемлекеттік кеңесші «Алқа» жастар әдеби клубының отырысына қатысты 14+

Мемлекеттік кеңесші «Алқа» жастар әдеби клубының отырысына қатысты - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының отырысы өтті. 

Жиында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда бекіткен және биыл алғаш рет аталып өткен «Ұлттық кітап күнінің» маңызы мен «100 кітап. Ұлттық сауалнама» жобасы талқыланды. 

Сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет, әдебиет туралы бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, жас қаламгерлер өздерін толғандырған ой-пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, елімізде «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы басталды.

Сауалнамаға қатысуға ниет білдірген әрбір азамат eGov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы сүйікті кітаптарын ұсына алады. Қатысушылар өздері үздік деп санайтын түрлі жанрдағы 10 кітаптың атауы мен авторын көрсетуі қажет.

Дауыс беру үш айға дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күні қарсаңында жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар