«Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді

Бөлісу:

21.09.2015 8133



Абай Құнанбайұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті осы жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді. Бауқаудың қортындысы Семей қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік музыкалы-драма театрында болады.

«Абай оқулары» байқауына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындау, Абай әндерін немесе халық әндерін шырқау бойынша сайысқа түседі.


Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын Абайтанушы ғалымдар мен тіл жанашырларынан құралған қазылар алқасы бағалайды және анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.


adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар