Бүгін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

Бөлісу:

08.10.2015 2195


6fe04e3a99f700b3bdd508805db169ff.jpg


Бүгін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды. Ол — Германияда тұратын белорус жазушысы Светлана Алексиевич. Светлана Алексиевич - белорустың орыс тілінде жазатын аты әлемге танылған жазушысы. Ол Ұлы Отан соғысы жайлы бірнеше кітаптың авторы. Сонымен қатар Чернобыль апаты жайлы қалам тербеген "У войны не женское лицо" (1985), "Последние свидетели" (1985), "Цинковые мальчики" (1989), "Чернобыльская молитва" (1997).

Айта кетейік, әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілген болатын. Нобель сыйлығы "адамның жұмбақ тағдырларын және басқыншылық кезіндегі адамның өмірлік әлемін ашып берген есте сақтау өнері үшін" табыс етілген еді.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, швед кәсіпкері әрі өнертапқышы Альфред Нобельдің қайтыс болғаны күні өтеді.

moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/damu/adebiet-boyyinsha-nobel-syiylyigyin-belorus-jazushyisyi-265466/
copyRules

Бөлісу:

Көп оқылғандар