Аймақтық БАҚ өкілдеріне арналған конференция өтіп жатыр
Бөлісу:
Астанада ҚР Инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпарат және ақпарттандыру комитетінің және "Қазконтент" АҚ-ның ұйымдастыруымен аймақтық БАҚ өкілдеріне арналған конференция өтіп жатыр.
Іс-шара тақырыбы: «Баспа БАҚ-тардың онлайн редакциялары: өзекті мәселелер мен даму перспективалары».
Конференция өткізудің мақсаты- Баспа БАҚ өкілдерінің сауаттылығын арттыру және онлайн-форматқа көшуде медиа құралдарды қолдану аясында жаңа мүмкіндіктерді көрсету.
2013 жылдан бастап, бұл формат еліміздің аймақтық БАҚ-тары редакторлары үшін тәжірибе алмасуда маңызды жобаға айналды. Дәстүр бойынша спикерлер ретінде мультимедиялық журналистика саласындағы танымал эксперттер: блогерлер, БАҚ, қоғамдық және МБМ өкілдері шақырылады.
Конференция барысында, Баспа БАҚ-тың конвергентті форматқа көшіру туралы өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, қатысушылар медиатренерлердің практикалық мастер-кластарына қатысып, жобаның сайт жасаушы мамандарынан техникалық кеңестер алады.
Бөлісу: