Тәуелсіздік күніне арналған мүшәйраның бас жүлдесіне бір миллион теңге тігілді
Бөлісу:
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.
Мүшәйраның мақсаты: Сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі дініміздің алар орнын пайымдау, отбасы татулығы, ұлт бірлігі, ел тәуелсіздігін сақтаудағы Ислам құндылықтарын насихаттау, Мәңгілік ел мүддесін жүзеге асыруда рухани ықпалы зор асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың ұштасқан озық үлгілерін дәріптеу.
Мүшәйраның шарттары:
- мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
- мүшәйраға кемінде 2 өлең ұсынылады;
- байқауға ұсынылатын өлеңнің бірі мүшәйра мақсатында көрсетілген дін тақырыбына байланысты, екіншісі еркін тақырыпта жазылуы керек;
- мүшәйраға бұрын-соңды баспа бетін көрмеген өлеңдер қабылданады;
- шығармалар жазбаша және электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), жол арасы – 1 интервал, қарпі – Times New Roman) жіберіледі.
Мүшәйраның өту барысы
Мүшәйра екі кезеңнен тұрады:
І. Іріктеу кезеңі
ІІ. Ақтық сын
Іріктеу кезеңі 2015 жылдың 23-қарашасына дейін жүргізіледі. Мүшәйраға қатысушы талапкерлер өз өлеңдерін 2015 жылдың 23-іне дейін мына мекен-жайға жіберуі керек: 060011, Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 40 а «Өнерпаз» үйі, 409-бөлме. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры. Электронды почта: shapagat.atyrau@mail.ru
Ақтық сынға әділқазылар алқасының шешіміне сай іріктеу кезеңінен өткен үздік ақындар қатыса алады. Ақтық сында ақындар берілген тақырыпқа сай өлең шығарып, суырып салмалылық қабілетін танытады.
Мүшәйраның жабылу салтанаты 3 желтоқсан күні болады.
Іріктеу сынынан ақтық сынға өткен қатысушылардың Атырау қаласына келіп-кету жол шығыны ұйымдастырушы жақ тарапынан төленеді.
Бас бәйге – 1 000 000 теңге
Бірінші орын – біреу 750 000 теңге
Екінші орын – біреу 500 000 теңге
Үшінші орын – үшеу 300 000 теңгеден
Ынталандыру сыйлығы төртеу – 100 000 теңгеден.
Қосымша ақпарат үшін: тел: 75-56-60, факс: 20-31-83, ұ.т: 8 775 658 94 81.
Бөлісу: