Әбіш Кекілбаев өмірден өтті
Бөлісу:
Бүгін қазақ ауыр қазаға душар болды. Ел абызы, халық жазушысы, қазақ таңының «Елең-алаңында» жарқ етіп жанған «Үркер» жұлдызы – Әбіш Кекілбаев өмірден озды. Жуырда ғана 76 жасқа толған абыздың денсаулығы соңғы кезде сыр беріп жүрген болатын. Алланың жазғаны ғой, дәл бүгін жаны жаннатқа қарай жол тартыпты...
Кезінде Тұманбай Молдағалиев: «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз», - деп айтып кеткен екен. Ендеше бүгін Әбіштің қайтқан күні емес, мәңгілік мекеніне орнығып, мәңгі жұлдыз болып жанған күні деп білейік ағайын!
Қайғыға қайыспай, сабырға ұйып, кемеңгер жазушының мәңгі өлмес мұрасын ұлықтай білейік, ұлықтай берейік!
Бөлісу: