Жазушымен кездесу кейінге қалдырылды
Бөлісу:
11.12.2015
2701
14 желтоқсанда сағат 14:30-да Астанадағы «Хилтон» қонақ үйінде Қазақстанның халық жазушысы, «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдарының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен өткізіледі деп жоспарланған кездесу жазушының денсаулығына байланысты наурыз айына шегерілді. Шараның ұйымдастырушылары «СК-Фармация» компаниясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасы оқырмандардан алдын ала кешірім сұрайды.
Айта кетейік, шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылмақ болған.
«Әдебиет порталы» Ә. Нұрпейісовтің денсаулығы тезірек оңалып, жауынгер-жазушының оқырмандарымен тезірек қауышуына тілектестік білдіреді.
Бөлісу: