«Бағытым-Ислам, Бақытым-Тәуелсіздік» атты республикалық діни жыр мүшәйрасы қорытындыланды
Бөлісу:
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен ақындар арасында жарияланған «Бағытым-Ислам, Бақытым-Тәуелсіздік» атты республиалық діни жыр мүшәйрасы қорытындыланды.
Білікті ақындармен діни мамандардан құралған қазылар алқасы ақындардан келіп түскен туындыларды сараптап қорытындысын шығарды.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлдені Умра қажылықты белігілі ақын Әскерхан Ақтай жеңіп алды.
1-орынға Астаналық танымал ақын Ұларбек Дәлейұлы,
2-орынға ақын Семейлік ақын Нұрқыз Мырзаханова,
3-орынға Семейлік ақын Игенбаев Айдын,
ынталандыру сыйлығына Алматылық ақындар Саят Қамшыгер, Бірлік Тоқайлар ие болды.
Ақындарды марапаттау шарасы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі ауылына салынған «Марқакөл» мешітінің ашылу рәсіміне орайластырып, ораза айттың үшінші күні өтеді деп жоспарлануда.
Бөлісу: