«Харуки Муракамидің шығармашылығы Нобель сыйлығына татымайды»

Бөлісу:

11.10.2016 3429


 


 

Әдебиеттің әлем алдындағы абыройы мен маңызы ежелден ерекше бағаланады. Кейбір ұлтты адамзат аренасына төл әдебиеті сүйкімді етіп көрсетуде. Жазушы Төлен Әбдіктің тілімен айтқанда әдебиет дегеніміз – «парасат майданы». Оқырман ешқашанда шынайы шығарманың бағасына өлшем болған емес. Оның үстіне туындыдан бұрын жарнамаға көңіл бөлетін заманда, көп шығарма дәл бағасын алмай жатыр.


 

НП.jpg  
 


 

Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын кім алады деген сұраққа әлем бас қатырып жатыр. Үміткерлер саны 362 әдебиетшіні құрайды. Сыйлыққа үміткерлердің қарасы жыл санап өсіп келеді. Бұл үрдісті «адамзаттың әдеби шығармаларға деген сұранысы артты» деп бағалаған дұрыс шығар. Бірақ, біздің ақын-жазушылардың аталмыш сыйлықтың үміткерлігіне ілінбей қалуы өкінтеді. Себеп не? Осы 362 үміткердің арасында қарапайым журналистер де кездеседі. Оның жанында біздің жазушылар адамзат аренасына құнды ойлар қоса білді ғой. Бізге салса Нобель сыйлығына үміткерлердің үздік төрттігіне Төлен Әбдікті, немесе Жұмекен Нәжімеденовты кіргізер едік. Бірақ, бір байқағанымыз сыйлыққа үміткерлердің көбісі өз ұлтының трагедиясына қатысты шығармалар жазған екен. Демек, әлем оқырманы қасіретті, қайғылы, ең бастысы біреудің шындығына байланысты туындыларды оқығысы келеді. Сұраныс сол.


 

Екіншіден, махаббат тақырыбында жазатын Харуки Мураками сияқты пиары жер жаратын жазушылардың дәуірі жүріп тұр. Бірақ, Нобель бәсекесінің бір жақсы жері, Харуки сияқты жазушылардың оқырманы қаншалықты көп болса да, оған көп жылдан бері сыйлық берілмей келе жатыр. Егер бұл сыйлықты үлестіру мемлекеттің абыройына байланысты деп тон пішсек, оған Жапонияның атақ-абыройы жетіп-артылады ғой. Демек, белгілі бір деңгейде бұл сайыста әділдік бар.


 

Британия басылымдары мен букмекерлік орталықтары Нобель сыйлығын алуға үмітті үздік төрттіктің тізімін ұсынды. Атап айтар болсақ:


 

Адонис – Сирияның ақыны һәм аудармашысы

Нгуги ва Тхионго – Кенияның драматург-жазушысы

Юн Фоссе – Норвегияның новеллашыл драматургі

Ко Юн – Оңтүстік Кореяның ақыны


 

Көріп отырғанымыздай үздіктер қатарында атағы жер жарған алпауыт мемлекеттердің өкілі жоқ. Драматургия жанрында қалам тербейтін жазушыларда басымдық бар сияқты. Себебі, дамыған елдерде театрға күнделікті қажеттілік ретінде көзқарас қалыптасқан. Сыйлықты Сирияның Адонис деген ақыны алады деген болжам көп. Бірақ, өлеңдерін орысша аудармасынан оқып қарасаңыз, потенциялы тұрғысынан бәсекеге қабілетті деп айта алмайсыз. Оның жанында «Бидай дәні» деген шығармасы Кенияның құлдық санадан арылып, ноқтасыз ойлауға бет-бұрыс жасауына ықпал еткен Нгуги ва Тхионго лайықты ма деген ой келеді. Юн Фоссенің де адамдар арасынан бас оздырып, ұтымды ой айтқанын аңғармадық. Шығармалары күнделікті тұрмысты, өмірге қатысты оқиғаларды қаз-қалпында суреттеген. Бірақ, шығармасының көркемдігінен гөрі шындығы басым. Ко Юнді алады деп ойламаймыз. Біздің топшылауымызша Нобель сыйлығын Адонис пен Нгуги ва Тхионгоның біреуі алуы мүмкін.


 

Америкалық Newrepublik.com сайтындағы сарапшылардың айтуы бойынша атақты Харуки Муракамидің шығармашылығы бұл сыйлыққа мүлдем татымайды.


 

Аталмыш ақпарат көзінің болжамы бойынша Нобель сыйлығын ала алмайтын Америкалық емес жазушылардың тізімі төмендегідей:


 

Харуки Мураками – Жапониялық жазушы

Джон Банвиль – Ирландиялық новеллашы

Милан Кундера – Чехиялық дараматург һәм новеллашы

Уиллиам Трэвор – Ирландиялық новеллашы, драматург

Рохинтон Мистри – Үнді-канадалық новеллашы, жазушы

Маргарэт Этвуд – Канадалық новеллашы, ақын, жазушы

Пол Малдон – Ирландиялық ақын

Сэлмон Рашди – Британиялық жазушы

Том Стоппард – Ағылшындық драматург, сценарист

Колм Тойбин – Ирландиялық новеллашы

Джуллиан Барнс – Ағылшындық новеллашы, жазушы

Дон Патерсон – Шотландиялық ақын

А.С. Бят – Ағылшындық новеллашы

Джеймс Келман – Шотландиялық новеллист, драматург

Хилари Мантел – Ағылшындық жазушы


 

 

Осы сайттың болжамы бойынша сыйлықтан қағылатын Америкалық жазушылар:   


 

Филипп Рот – новеллашы

Боб Дилан – әнші, композитор ретінде көбірек танымал

Ричард Форд – новеллашы, жазушы. Көбіне қысқа жазады.

Джоан Дидион – новеллашы

Урсула Ле Гуин – фантастика жанрындағы жазушы


 

Америка халқының пікірі бойынша осы азаматтар Нобель сыйлығын алып қалады:


 

Мэрилин Робинсон

Томас Пинчон             

Лидия Дэвис

Дон ДеЛилло

Джон Эшбери

Чарльз Портиз


 

Бес жылдан кейін Нобель сыйлығын алуға лайықты азаматтардың тізімі:


 

Албания ақыны Исмаил Кадаре

Испания жазушысы Хавиер Мариас

Венгриялық Ласло Красзнахоркай

Аргентиналық жазушы Цезарь Айра

Австриялық жазушы Петер Хандке

Сонымен қатар, венгриялық драматург және жазушы Петер Надас

Израил жазушысы Амос Оз

Польша ақыны Адам Загаджевский

Испания новеллашысы Энрико Вила-Матас


 

Эксперттердің айтуы бойынша төмендегі тізімдегі әдебиетшілер бұл сыйлыққа мүлдем лайықты емес:


 

Антонио Лобо Антюнез (Португалия)

Абраам Йехошуа (Израиль)

Дорис Карева (Эстония)

Мирчеа Картареску (Румыния)

Хуан Марце (Каталония)

Кжель Аскилдсен (Норвегия)

Клаудио маргис (Италия)

Науаль Эль Саадауи (Египет)

Леонард Ноленс (Бельгия)

Джаан Каплинский (Эстония)

Джусси Алдер Олсэн (Дания)

Ольга Токарцук (Польша)

Евгений Евтушенко (Россия)

Карель Шоеман (Оңтүстік Афирка)

Йен Лианке (Қытай)

Бэй Дао (Қытай)

Нуриддин Фарах (Сомали)

Дачиа Мараини (Италия)

Хуан Гойтисоло (Испания)

Миа Куто (Мозамбия)

Эдуардо Мендоза Гариджа (Испания)

Ф. Сиониль Хосе (Филиппин)

Антонио Муноз Молина (Испания)

Мхаммед Доулатабади (Иран)

Сергио Питол (Мексика)

Дубравка Угресич (Хорватия)

Даг Солстад (Норвегия)


 

 

Төрткүл дүние көз тіккен парасат додасында  жеңіске кім жетері әлі белгісіз. Біздікі болжам ғанаНақты жауабын қазанның 13 күні тікелей трансляцияда «Әдебиет порталынан» көре аласыздар.


 


 

Бағлан Оразалы

 

 

   

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар