XIX Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің ережесі
Бөлісу:
«Шабыт» XIX Халықаралық өнерлі жастар фестивалінің Ережесі
Барлық номинациялар бойынша тапсырыс қабылдау мерзімі 2016 жылғы 20-шы қазанға дейін ұзартылды
«Шабыт» XIX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, фестиваль келесі номинациялар бойынша өтеді:
- I. «Классикалық музыка» номинациясы (ағаш үрмелі аспаптар, мыс үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, классикалық аспаптар ансамблі);
- II. «Бейнелеу өнері» номинациясы (кескіндеме, графика);
- III. «Халық музыкасы» номинациясы (қобыз-прима, қыл-қобыз, шертер, бас-шертер, домбыра; прима-домбыра);
- IV. «Эстрадалық вокал» номинациясы;
- V. «Үздік әдеби шығарма» номинациясы (Поэзия);
- VI. «Хореография» номинациясы (Ұлттық би).
-
Фестиваль 2016 жылғы 3 – 8 қараша аралығында Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астанада өтеді. Фестивальге қатысу өтініштерін ұйымдастыру комитеті 2016 жылдың 20 қазанына дейін қабылдайды.
Фестивальда келесі сыйлықтар анықталған:
- Бас сыйлық – Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі;
- Гран-при;
- 1, 2, 3 орын «Лауреат» атағы дипломы, «Шабыт» медалі және шығармашылық ұжымдарға үстелге қоятын «Шабыт» медалі;
- Қазақстанның танымал өнер және мәдениет қайраткерлерінің рухына бағышталған атаулы дипломдар мен сыйлықтар;
- «Дипломант» атағының дипломдары;
- Фестивальға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздары;
- Жеке номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар.
Байқаудың жалпы сипаттамалары:
Фестивальға кез келген ұлт өкілдері қатыса алады. Жас шектеуі әр номинацияның ережесінде көрсетілген. Қатысушылардың жол шығындарын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді.
Байқауға қатысуға тек фестивальға қатысу жөнінде ресми шақыру қағазын алған талапкерлер ғана жіберіледі. Әр номинация бойынша іріктеу барысында таңдалған талапкерлерге жазбаша түрдегі ресми шақыру қағазы белгіленген уақытта пошта арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберілетін болады (шақыру жеке немесе топтық болуы мүмкін).
Фестивальды ұйымдастыру комитеті конкурсқа қатысушыларды конкурс пен фестивальға қатысудың барлық кезеңінде тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді.
Егер конкурсқа қатысушы фестивальға қатыса алмай шығып қалса, әрі қарай тамақтануы мен жатын орны конкурсанттардың өздігінен іске асады. (қонақ үй бөлмесін байқау нәтижесін жариялағаннан кейін жарты күн ішінде қайтарып беруі тиіс).
Конкурстың барлық турлары жариялы түрде өтеді.
Арнайы сыйлықтардың тағайындалуын қалайтын кез-келген ұйым бұл мәселені Ұйымдастыру комитетінің келісімімен жүзеге асыра алады.
Барлық лауреаттар мен дипломанттар қорытынды концертке ақысыз қатысуға міндетті (Ұйымдастыру комитетінің шешімімен).
Ұйымдастыру комитеті қорытынды концертпен қатысушылардың көрсеткен өнерін қосымша сыйақысыз бейнетаспаға жазуға, таратуға және арнадан көрсетуге құқылы.
Марапаттар мен сыйақылар бөлінбейді.
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
- 20-сандық есепшоттың нөмірі (банктен анықтама – көшірмесі);
Ақшалай сыйақылар, ҚР заңнамасы бойынша, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 10% жеке кіріс салығын ұстап қалып, ал Қазақстан Республикасының резиденттері емес азаматтар үшін 20% жеке кіріс салығы ұсталады.
Қазақстан Республикасының резиденті үшін ақшалай сыйлықтар 10% жеке табыс салығын шегеру арқылы беріледі және Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушыға 20% Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Қазақстан Республикасының резиденті үшін ақшалай сыйлықтар фестиваль аяқталған соң 10 жұмыс күні ішінде банктік есепшотқа аударылады.
Сондай-ақ, лауреаттар ақшалай сыйлықтарды фестивальды ұйымдастыру комитеті белгілеген жерден алады.
Ескерту:
«Шабыт» фестивалінің бұрынғы жеңімпаздары (Бас-жүлде және I орын) конкурсқа қатыса алмайды.
Фестивальға қатысу үшін материалдарды келесі мекенжайға жолдау қажет:
Қазақстан Республикасы 010000, Астана
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы,
Бейбітшілік к-сі, 11.
Фестивальдің байқаулық номинациялары жөніндегі толық ақпаратты алу үшін фестивальдің Ұйымдастыру комитетіне хабарласу керек.
Байланыс телефондары: тел: +7 (7172) 556771,+7 (7172) 557409
Факс: +7 (7172) 557409
Сайт: www.shabyt.astana.kz
Э-пошта: dep_culture@mail.ru
Э-поштаға жіберілген өтініш толығымен қабылданған өтініш ретінде саналамайды.
Ұйымдастыру комитеті өтініштерді сауалнамалық мәліметтерге және басқа міндетті материалдарға сүйеніп іріктеу жасауға құқылы.
Ұйымдастырушылар:
- Астана қаласының әкімдігі;
- Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы;
- Қазақ Ұлттық Өнер университеті
XIX Халықаралық «Шабыт» Шығармашыл жастар фестивалінің
Ұйымдастыру комитеті
Бөлісу: