Шағбан Шүлембаев: Өмір әсері

Бөлісу:

28.10.2016 3044

         

image-24-10-16-13-20.jpeg

Көктем келер гүлдеп, көктеп нөсерлеп,

алақандай жүрегіңді тербелеп.

Үмітпенен болашаққа қараймыз

жақсылық пен сәтілікті тілейміз.


Жаз да келер жүрегіңді кеңейтіп

той-думанды көбелектей көбейтіп.

Көңіл-күйің асып-тасып жатқанда

бұл өмірді жалған деуге болама.


Із басар боп арта қалар балалар

болашақта үмітіңді атқарар.

Ұрпағыңды жалғастырар немерең,

тәй-тәй басқан балдай тәті шөберең.


Бұл дүние қанша жалған болса да,

бір күлдіріп, бір жылатып алса да.

Бұл өмірдің қызығына тоймайсын,

қош бол деуге Күн мен Айды қимайсын.


Күз де жетер табиғаты мұнайтып

жапырақты сары алтындай сарғайтып.

Өзіне сай бар мінезін көрсетер

жаңбырлатып, салқандатып, желдетер.


Қыс та келді борандатып, қарлатып

қара жерді ақ мамықа оратып.

Сәл аяздау қыстын балғын ауасын

қайтып оны жалған деуге қиасын.


Көк байрағын, елім, жерің тұрғанда,

жұлдызды түн, әсем таңдар атқанда.

Жарық өмір қымбат болса адамға,

бұл дүние соншалықты жалғ анба.


Есіл жағалауы


Есілдің бойындағы ауылдарым

өшпесін деп тілеймін ошақтарың.

Сағынып туған жердің топырағын

шет жақта жүр ғой бүгін ұл-қыздарың.


Шындарды бағындырған балаларың

аңсайды жайлаудағы көгалдарын.

Думандап ойнап-күліп, өсіп-жеткен

ауасы туған жердің балдай екен.


Әдемі көлдің бойы жаз айындай

жүрегің маужырайды жұпарына.

Шомылып жылы судың кұшағында

аунасаң майда құмның мамығына.


Жайқалды қалың шөптен түбектерің

аралап көлдің бойын мен келемін.

Барады күн де сырғып ұясына

мен жүрмін әлі қимай қоштасуға.


Туған жер кетіп барам, қош бол енді

мәпелеп өсіріп ең, кешір мені.

Тағдырдың сызып өткен жолдарымен

өтейін бір өзіңнің қолдауынмен.


Қойныңда сенің ата-бабаларым

бұл жерден қашып қайда мен барармын.

Оралған тасқын судай арнасына

мен де бір оралармын құшағыңа.


Жалғыз тал


Өткен сайын жол шетінде осы талды көремін

джигиданың тәті дәмін бала кезден білемін.

Табиғатын дала талы, өгей бала секілді

тірегі жоқ бұл өмірде, төзімді боп өседі.


Жалғыз өзі кең дала да, арпалысып желменен

Әр бір таңын, әр бір кешін бір қалыпта өткізген.

Күлімдеген күнің нұры, оның жарық серігі

Қара жері жан досындай мейірімді тірегі.


Көмбеске де амал бар ма, тағдыр солай жаратса

жалғыздықта болу егер, маңдайына жазылса.

Жылдар өтіп бұрынғыдай, гүлдемесе бұтағы

осылайша бұл өмірдің жартылайды қызығы.


Кей адамның тіршілігі, осы талға ұқсайды

қалын жұртың ортасында жалғыздықты таңдайды.

Ойнақтаған толқындардың ойыншығы болғандай

шыр айналып бір жағаға жете алмаған қайықтай.


Өкініші бар әлемге, тікенектей қадалған

санасына таңба болып, сенімсіздік жабысқан.

Ойлап көрсең іздегені, жеткізбеген қу арман,

ойлы-қилы өмір жолы, күн өтпеген ну орман.


Сыйласатын, сырласатын бір жан болса қасыңда,

одан артық не тілейсің, өмір деген жалғандай.

Тілегенің болса егер сәттілік пен мол байлық

сол байлығың қасындағы тағдыр қосқан ақ жаулық.


....


Ерекше бір әсер берет, қарап тұрсаң өзіңе

мақтаныш па, қуаныш па бір сезім бар көңілде.

Жұлдызды түн, ашық аспан, жарқырап тұр ай нұры,

көз алдымда желбіреп тұр еліміздің бас туы.


Бес жүз елу жыл өтсе де қазақ, қазақ болғалы

тәуелділі еліміз деуге енді ғана болады.

Аманат қып қалдырғандай, байтақ жерді бабалар,

игіліке жаратар деп болашақта ұрпақтар.


Бәрімізге ортақ болған одақ еді қамалды

жетпіс жылдай желбіреген қызыл туда құлады.

Мінсіз болды қанды тудың жебіреген кезені

кетіргендей қазақ жаны бір жабысқақ кенені.


Бұдан әрі не болар деп жүрді халық елеңдеп

бұндай қиын өткелдерден жол білетін жан керек.

Қазақтарда бұндай кезде табылған ғой батырлар

Қазақтарда бұндай кезде табылған ғой даналар.


Сол даналық жоспарымен құлпырады Сарыарқа

Сол даналық жоспарымен бой көтерді Астана

Қазақ деген біздің елді мойындайды бар әлем

қазақ елдің тіршілігін заманға сай көтерген.


Жиырма бес жыл өтіпті егемендік алғалы

алатаудың биігіндей биік елдің беделі.

Ақ батасын елдің алып жасыл аймақ көгерген

ұлы дала нұрлы жолмен бағып алып өзгерген.


Ауыл


Аиналада көз жетпейтін кең дала,

ауыл тұрды Есіл көлдің бойында

Күйбелеңдеп, тіршіліктің қамымен,

әр бір күнін еңбекпенен өткізген.


Заманында құлпыраған ауылым

әр тарапқа көшіп кетті ел жұртың

Өзгерісі кінәлі ме заманың

жер мен жер боп қалған қайран ауылым.


Көп жыл өтіп келіп тұрмын ауылма

тұрғандаймын бір моланың алдында.

Уыстатып топырағын уқалап

жан жағыма қарай бердім жалтақтап.


Еске түссе өткен, кеткен өмірім

Бір таңырқап, бір жабырқайт көңілім

Аспан да сол, кең далада, көлде сол,

кіндігімнің қаны тамған жер де сол.


Сырымызда, жырымызда келіскен

Тәй-тәй басқан кезімізден бірге өскен.

Бір ұядан қанатанған достарым

Бірге өткізген таң мен кешті сағындым.


Балығы мол құдыреті көл еді,

табиғаты жанға жайлы жер еді.

Ауылымыз ақ жаулықты анадай

мен алдында кінәқорлы баладай.


Бөлісу:

Көп оқылғандар