Халықаралық Түркі әлемі педагогика және қоғамдық ғылымдар конгресі өтуде

Бөлісу:

02.12.2016 3432

Түркияның Анталья қаласында 1-4 желтоқсан аралығында “Türk Eğitim-Sen” және "UASEB" кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, 2016 жыл Қожа Ахмет Ясауиді еске алу жылы аясында “Халықаралық Түркі әлемі педагогика және қоғамдық ғылымдар конгресі” өтуде.

Kongre.jpg

Конгрестің ашылу салтанатын “Türk Eğitim-Sen” кәсіподақ ұйымының Төрағасы Исмаил КОНДЖУК қатысушыларға сәттілік тілей отырып, конгресті ашық деп жариялады.

Ismaıl.jpg

Ашылу салтанатынан кейін, конгрестің жалғасы ретінде "Түркістанның пірі: Қожа Ахмет Ясауи" атты тақырыбында пленарлық отырыс болып, баяндама жасалды. Пленарлық отырыста, проф. доктор Исмаил ЯКЫТ ("Қожа Ахмет Ясауидің илаһи махаббат анатомиясы"), проф. доктор Надим МАЖИТ ("Қожа Ахмет Ясауиді түсіну") және проф. доктор Себахат ДЕНИЗ ("Ахмет Ясауиден Нәбиге өлеңмен жеткізген даналық тұлғадар") өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Аталмыш конгрес 10 секция бойынша өтуде. Олар:

- "Қожа Ахмет Ясауи" секциясы;

- "Абай Құнанбайұлы" секциясы;

- "Исмайыл Гаспыралы" секциясы;

- "Бахтияр Вахапзаде" секциясы;

- "Шыңғыс Айтматов" секциясы;

- "Мұстафа Кемал Ататүрік" секциясы;

- "Әмір Темір" секциясы;

- "Доктор Неждет Кочак" секциясы;

- "Рауф Денкташ" секциясы;

- "Доктор Садык Ахмет" секциясы.

20161202_083254.jpg

Аталған іс-шараға Түркі әлемі елдерінен, оның ішінде Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Түркіменстан және Ресей, Украина, Косово, Германия, Нигерия т.б. елдерден ғалымдар, ақын-жазушылар, ғылым саласындағы оқытушылар мен қоғам өкілдері қатысуда.

Руслан Беген

Бөлісу:

Көп оқылғандар