«Әдебиет порталында» жаңа жоба басталды (видео)

Бөлісу:

01.03.2018 8050

Өткен жұмада порталымыз «Әдебиет кафесі» жобасын бастады. Жобаның мақсаты – еркін әдеби шығармашылықты дамыту, ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау. Әдебиет салада шығармашылықпен айналысып жүрген жастар мен болашақта ақын, жазушы болсам дейтін жас талаптар – оқушылар мен студенттер және қарапайым оқырмандарға арналған кең ауқымды аудиторияны қамтитын жаңа жоба алғашқы кездесуін астаналық жас ақын-жазушылардың басқосуымен бастады.

Кеш еркін форматта өтті. Ақындар әдебиетке қатысты ойларын айтты, өлеңдерін оқыды. Жиынның басын ақын Ұларбек Нұрғалым бастап, Серікзат Дүйсенғазин, Қалқаман Сарин, Ербол Алшынбай, Мирас Асан, Жадыра Байбұланова, Олжас Қасым, Шерхан Талап, Арман Шеризат сынды ақындар белсене қатысты. Бұдан ары бірқатар студенттер мен хабарландыру арқылы келген қатысушылардың шығармашылығына да кезек берілді.

Бұдан бөлек бірқатар әдебиет мәселелері – Астанада әдеби орта қалыптастыру, шығармашылық байланыстар орнату, оқушылар мен студенттерді әдебиетке тарту, оқырмандарды көбейтуден бастап, аударма мәселесі, кітап саудасы сияқты тақырыпта бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жобаның алдағы жоспары – жекелеген ақындарға бір-бір кеш арнау. Әр кешке оқушылар яки студенттер, өнер адамдары атсалысатын болады. Тіпті, әдебиеттен өзге салада қызмет етіп жүрген мамандардың басын қосып, қаламгерлер шығармаларын оқытып, таспаға басу да жобаның негізгі жоспарына кіреді.

Әр кештің видеонұсқасы «Әдебиет порталы» арқылы көпшілікке ұсынылатын болады. Алғашқы тұсаукесер кештің видеонұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Бөлісу:

Көп оқылғандар