«Ұлт болмысы» байқауы ақтық кезеңде

Бөлісу:

27.03.2018 2786

«Ұлт болмысы» байқауының ақтық кезеңіне шыққан шығармалар белгілі болды. Қазылар алқасының байқауалды отырысында бірауыздан қабылданған шешім бойынша жүлдеге лайық шығармалар ғана іріктеліп алынды. Ұйымдастырушылар әзірге кімнің қандай жүлде алғанын жасырын ұстағанды жөн көріп отыр.

Қағидаға сәйкес, былтыр байқаудан жүлде алған авторлар да жарыстан шеттетілді. Бұлардың ішінде қазылар алқасы тарапынан жеңімпаз деп танылған шығармалар да бар. Қазылар алқасы ұсынған шығармаларды ұйымдастырушы тарап жасырын түрде сараптағанын айта кету керек.

Құрметті байқауға қатысушылар! Егер сіз ақтық кезеңге жолдама алған шығармалардың ішінен өзіңізді тапсаңыз – сіз жүлделі орынның бірін иемдендіңіз. Нешінші орын алғаныңызды ертең, яғни, 28 наурыз күні сағат 14:00-де Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана өтетін марапаттау кешінде біле аласыз.

Құрметті әдебиетсүйер қауым! Баршаңызды «Ұлт болмысы» журналының дәстүрлі әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау кешіне шақырамыз. Қаламгерлерді бірге құттықтайық!

Финалға өткен шығармаларды сілтемеден оқи аласыздар!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар