Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Көкек айы – Гүлстан» шығармашылық кеші өтеді

Бөлісу:

16.04.2018 10582

20 сəуір күні, сағат 16.00-де «Алатау» дəстүрлі өнер театрында белгілі ақын, «Ақшам хаттары», «Рауан», «Қас Сақ Аңқымасы», «Бесінші маусымның жұпары» атты жыр жинақтарының авторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Көкек айы – Гүлстан» шығармашылық кеші өтеді.

Әрбір бұта – бала мінезді жасыл аң!..

Ойнай жөнелгім бар... тосылам.

Бақыт гүлі өсіп те шықты бір жерде,

Жай отының хошынан!..

Міне, ақ жүрек ақынның кербез көктемге мәңгі ғашық екені осы шумақтан-ақ аңғарылып тұрғандай. Күн сәулесі елжірей, молынан құйыла түскен көкек айында адамның жан дүниесі қоса жаңарып, ерекше күйге бөленеді. Табиғаттың тылсымға толы әр құбылысын ақын өзінше қабылдап, ақ қағазға түсірсе, ғаламның ғажабы сол ма дерсің...

Құрметті оқырман қауым, қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген көрнекті ақын, ақ өлеңнің айбозы Тыныштықбек Әбдікәкімұлының жұпар аңқыған жырына қанық болыңыздар!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар