Бүгін тағы бір қаралы хабар жетті. Әйгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ дүниеден өтті.
Мекемтас Мырзахметұлының абайтану мен мұхтартануға, ясауитану мен бауыржантануға қосқан үлесі зор. Сонау Қараханидтер заманынан бастау алған кемел адам мәселесі Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік», Ясауидің «хал ілімі» (камили инсани) Абайдың «толық адам» ілімі негізінде сабақтастық тапты. Ғұлама ғалым кешегі Қазақстанда жүргізген 300 жылдық отарлық саясатты «Қазақ қалай орыстандырылды» еңбегі арқылы ғылыми тұжырымдап берді. Қазақ әдебиетінің түрлі салаларынан мамандар даярлап дербес ғылыми мектебін қалыптастырған еңбегін айтпағанда, «Абай» энциклопедиясы мен М.Әуезовтің 20 томдық, сондай-ақ 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға атсалысты. Бұдан кейін де ғұлама ғалымның еңбегі халқымен бірге жасай бермек деп сенеміз.
Біз «Әдебиет» порталы атынан абыз ақсақалдың отбасына, сондай-ақ қаймана қазақ баласына қайғыра көңіл айтамыз. Ғалымның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.