Қалқаман Саринмен «Музейдегі кездесу»

Бөлісу:

19.04.2018 8820

18 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Шалқар» радиосының директоры, танымал ақын Қалқаман Саринмен «Музейдегі кездесу» кеші өтті.

Сыр-сұхбат ретінде өрбіген кешке музей қызметкерлері, қала қонақтары, ақынның оқырмандары, ұстаздар, студенттер мен оқушылар қатысты.

Ауыл дегенде ет жүрегі езілмейтін қазақ кемде-кем. Сондықтан болса керек, Қ.Сарин шараның шымылдығын «Арқаттағы біздің үй» деген өлеңімен ашып, көрермендердің ауылға деген ыстық сағышын басқандай болды.

Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған бірқатар әндері орындалды. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Қ.Сариннің «Менің мұңым», «Көктем», «Бұл өмір», «Сағыныш» және т.б. өлеңдерін оқып, жиылған қауымды ерекше ықыласқа бөледі.

«Музейдегі кездесу» шарасының шарты бойынша кеш иесі мұражайға өзінің бағалы затын тапсыруы керек. Қ.Сарин: «Ақынның ең бағалы қазынасы – оның өлеңі», – деп өзінің «Құс жолындағы керуен» атты жыр жинағын музей қызметкерлеріне табыс етті. Аталған кітап енді музей қорында сақталады.

.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар