«Бастаңғы» дәстүрі Астанада жаңғырды

Бөлісу:

19.04.2018 9097

Салт-дəстүріміздің кейбірі ел арасында кең етек жайып жүрсе, енді бірі мүлде ұмыт қалып барады. Əсіресе, жастарымыз біле бермейтін əдет-ғұрыптар жетерлік. Ата-бабаларымыздан жəдігер болып қалған салт-дəстүрлер, əрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпейтіні анық.

Осы орайда, 15 сəуірде Астана қаласындағы «Аружан» ойын-сауық орталығында Еуразия Ұлттық Университетіне қарасты «Алқа» əдеби ұйымы жастарды ұлттық құндылықтарға тарту мақсатында «Бастаңғы» дəстүрін қайта жаңғыртты.

Басқосудың шымылдығы қазақтың қара домбырасымен ашылып, тəтті күй төгіліп, келген көрермендер халық əндерімен құлақ құрышын қандырып қайтты. Сондай-ақ, қонақтар қазақтың тіл үйірер тəтті бауырсағынан дәм татты.

Кеш барысында Алаш қайраткері Қошқе Кемеңгердің шөбересі Қайырбек Кемеңгер сөз сөйлеп, жастарға өзінің жылы лебізін білдіріп, жарыққа шыққан төл туындысын ұсынды.

«Бастаңғы» ары қарай ұлттық ойынымыз – арқан тартумен жалғасын тапты.

Осылайша, бір жарым сағатқа созылған жиын көпшілікті ерекше әсерге бөлеп, қызықты сәттерімен есте қалды.

Жанары жалындаған, жігері арындаған жастарымыз барда бұл үрдісіміз жалғасын таба бермек.

Толғанай Насихатқызы,

Еуразия ұлттық университетінің студенті

«Алқа» ұйымының жетекшісі.

Бөлісу:

Көп оқылғандар