Астанада «Сталинмен бетпе-бет» атты тарихи драма қойылмақ

Бөлісу:

25.05.2018 4428

28-мамыр күні сағат 19-00-де Астана қаласындағы Оқушылар сарайында белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Сталинмен бетпе-бет» атты тарихи драмасы сахналанады.

Бұл сахналық қойылымда өткен ғасырдың 30 -жылдарындағы тарихи оқиға сөз болады. КСРО-ның бас хатшысы И. Сталин мен Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы С. Қожанов арасындағы байланыс, бетпе-бет кездесу сәтіндегі сөз текетіресі арқылы замана шындығы мен тайғанақ қазақ кезеңінің ащы ақиқаты алдарыңызға тартылады.

Драмадағы тартыстың негізгі желісі - өз уақытының екіжүзді адамы Заманин арқылы кестеленіп көрсетіледі. Келіңіздер, көріңіздер!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар