Астана ақындары алғысхатпен марапатталды

Бөлісу:

26.06.2018 4126

24 маусым күні елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімдігі жанындағы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақша оқы, Latynsha jaz» мерекелік іс-шарасы өтті.

Шараның мақсаты – жастардың санасына ұлттық дүниетанымды сіңіру, ана тіліміздің абыройын арттыру, қоғамда қазақ тіліне деген құрметті қалыптастыру, кітап оқуға баулу.

«Қазақша оқы, Latynsha jaz» шарасы аясында қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың көрмесі көпшілікке ұсынылып, қазақ тіліндегі кітаптарды оқу жөнінде насихаттық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің қажеттілігі баяндалып, ақпараттық парақтар таратылды. Ел арасында қазақ тілі, қазақ сөзі, қазақша көше атаулары, латын әліпбиі және т.б. ұлттық-рухани құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап сайыстары, мәнерлеп оқу жарыстары ұйымдастырылды.

Арайлы Астананы, азаттықты, мөлдір сезім мен махаббатты жырлаған жас ақындар – аталған шараның басты қонағы болды.


«Соңғы жылдары елордамызда жас ақындардың қатары көбеюде. Қолына қалам ұстаған дарын иелерінің өнеріне баға беріп, мереке аясында қала Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің алғысхатымен марапаттауды жөн санадық», – дейді ұйымдастырушылар. Олардың ішінде Арман Шеризат, Әлімжан Әлішер, Мұқият Қойшыбайұлы, Айжан Тәбарак, Аян Мейраш, Айдана Сегізбаева, Қабиден Қуанышбай, Біржан Ахмер, Қайрат Сейітқазы, Ажар Ерболған, Бекмұрат Өмірбек бар.

Кеш соңында аталған жас ақындар мен көрермендер естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар