Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойына орай поэзия кеші өтті

Бөлісу:

29.01.2019 7155

Бүгін ҚР Ұлттық академимялық кітапханасында Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойына орай «Семсер жырдың қорғаны» атты поэзия кеші өтті.

Әбділда Тәжібаевтың шығармалары 2019 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында оқу үшін таңдап алынған болатын.

Әбділда Тәжибаев - қазақ ақыны, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы, «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес» атты көптеген еңбектердің авторы.

Ә.Тәжібаев «Өлең және поэзия», «Қазақ драмасының туылуы және қалыптасуы» тақырыбындағы монографияларында қазақ поэзиясының және драмасының өзекті мәселелерін кеңінен жариялады.

Әдеби-танымдық мақалалардың, «Жылдар мен ойлар», «Хаттар сөзі», «Өмір мен ерлік» атты эсселері жарық көрді.

Іс шараға Баянғали Әлімжанов, Серік Негімов, Рахымжан Тұрысбеков, Асқар Алтай, Дәулеткерей Кәпұлы, Жанат Әскербекқызы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар