«Құтты мекен - Қостанай» атты жазба айтыс өтеді
Бөлісу:
Қостанай қаласы мен Қазақстанның халық ақыны Омар Шипиннің 140 жылдығы және Алаш арысы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай «Құтты мекен – Қостанай» атты республикалық ашық жазба айтыс өтеді.
Ұйымдастырушылар:
Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Қостанай таңы» газетінің біріккен жобасы.
Айтыстың мақсаты:
- ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту;
- "Фольклор мен музыканың мың жылы" арнайы жобасын ілгерілету;
- "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасы аясында Алаш қайраткері Бейімбет Майлиннің (125 жыл) және халық ақыны Омар Шипиннің (140 жыл) шығармашылық мұрасын таныту.
Өтетін мерзімі:
2019 жылғы наурыз-шілде айлары аралығы.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- айтысқа облыс және республика ақындары қатысады;
- ақындардың жасына шектеу қойылмайды;
- қатысушылардың сөз өткірлігі, тапқырлығы;
- айтыс мәтінінің көркемдік деңгейі;
- айтыскердің берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі;
- қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі.
Айтыстың өткізілу тәртібі:
1. Айтыс үш кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең – іріктеу кезеңі;
- екінші кезең – жартылай финал;
- ақтық сын (финал).
2. Ақындар жеребе бойынша анықталған қарсыласымен сөз жарысына түседі, әр кезеңде қарсыластар жеребе арқылы анықталады;
3. Ақындар өзара интернет арқылы айтысып, бір-біріне тәулік ішінде жауап береді. Әр жұптың айтысы үш тәуліктен аспау шарт, әлдебіреуі жауапсыз қалған жағдайда жеңілген болып есептеледі. Егер екі ақын бірдей жауапсыздық танытса, айтыстан шеттетіледі;
4. Әр жұптың айтысы 4 кезектен аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздер қысқартылады;
5. Айтыс kostanaytany.kz сайтында және әр жұптың айтысы аяқталған соң газет бетінде ықшамдалып жарияланады;
6. Айтыс жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады. Жүлдегерлер 1-орын, 2-орын, 3-орын сыйлықтарымен марапатталады;
7. Айтыс қорытындысы Астана күні мерекесі қарсаңында шығарылады.
8. Марапаттау қорын Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұсынады;
9. Ұйымдастыру жұмыстарын «Қостанай таңы» редакциясы» ЖШС қамтамасыз етеді.
Айтыстың қазылар алқасы:
- қазылар алқасының құрамында дарынды ақын-жазушылар, сөз өнерінің құнын білетін кәсіби мамандар болады;
- қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;
- қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды;
- ақындардың сөз саптауы дұрыс болмаған жағдайда қазылар алқасы ортақ шешіммен айтыс мәтінін газет бетіне жарияламауға құқылы.
Өтініштерді тапсыру шарттары:
Қатысушы мына құжаттарды:
- Айтысқа қатысу туралы өтінім (берілген үлгі бойынша)
- жеке куәлік көшірмесі;
- 1 сурет (13х18 см);
Өтініштер 2019 жылғы 11 наурызға дейін мына мекенжайда: Қостанай қаласы, әл-Фараби көшесі, 90 немесе kt-fan@mail.ru, 8-778-029-92-51 нөмірі арқылы Whats App желісі арқылы қабылданады.
ӨТІНІМ
Қатысушы ақынның тегі ________________
Аты _________________
Ұялы телефон нөмірі _________________
Мекенжайы _______________________________
Жетістіктері________________________________________________________
Өтініш толтырылған күн______________________________________________
Қолы______________________________________________________________
Сурет ғаламтордан алынды
Бөлісу: