Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілді

Бөлісу:

05.01.2017 8985

89afb5a2c22e015b9dc6e14292cc95a4.jpg

Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілді, - деп хабарлайды "Әдебиет порталы" Ақордаға сілтеме жасап.

"Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген хабарламада.


Тізім: 


  • Айтхожина Марфуға - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Асанов Камашке (Қойлыбай) - 1964 жылы туған, айтыс зерттеушісі
  • Әбдіков Төлен - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Әлімбаев Мұзафар - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Әскербекқызы Жанат - 1966 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы
  • Әшіров Ахметжан - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, "Құрмет" орденінің иегері
  • Әшімов Әкім (Әкім Тарази) - 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Гаркавец Александр - 1947 жылы туған, түрколог-ғалым, қоғам қайраткері
  • Елеукенов Шерияздан - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Елубаев Ескен - 1942 жылы туған, ақын
  • Елубаев Смағұл  - 1947 жылы туған, жазушы
  • Жолдасбеков Мырзатай - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері
  • Жұртбай Тұрсын - 1950 жылы туған, жазушы
  • Жүніс Ерлан - 1984 жылы туған, ақын
  • Исабаев Нұртас - 1954 жылы туған, ақын
  • Құмарова Шәрбәну - 1936 жылы туған, жазушы
  • Қыдырханұлы Уақап - 1932 жылы туған, жазушы
  • Мұртаза Шерхан - 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Мырзахметов Мекемтас - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Нұрпейісов Әбдіжәміл - 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Рәш Мыңбай - 1930 жылы туған, жазушы
  • Салғараұлы Қойшығара - 1939 жылы туған, ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Сараев Әнес - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Сүлейменов Олжас - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
  • Темірбай Алмас - 1979 жылы туған, ақын
  • Ыдырысов Әбілфайыз - 1930 жылы туған, жазушы
  • Өнер қайраткерлері
  • Абдуллина Айша - 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Абжанова Анар - 1986 жылы туған, суретші
  • Адамжанов Бахтияр - 1992 жылы туған, балет солисі
  • Арынбаев Медеу - 1967 жылы туған, әнші
  • Әшімов Асанәлі - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Әшірбекова Роза - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Байсейітова Раушан - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Баспаева Мәдина - 1985 жылы туған, балет солисі
  • Баяхунов Бәкір - 1933 жылы туған, композитор
  • Бекқұлова Айжан - 1954 жылы туған, суретші, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы
  • Дүйсекеев Кеңес - 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері
  • Еркімбеков Жексембек - 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Есқалиев Әзидолла - 1934 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Жаманбаев Базарғали - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Жармұхамед Тасқын - 1981 жылы туған, композитор
  • Жақанов Ілия - 1936 жылы туған, композитор
  • Жақыпова Гүлнәр - 1957 жылы туған, кино және театр актрисасы
  • Кенжебекова Алмахан - 1950 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі
  • Клушкин Юрий - 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Қарсақбаев Ыдырыс - 1932 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Қастеева Зарема - 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі
  • Қосыбаева Тамара - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
  • Құдайбергенов Димаш - 1994 жылы туған, әнші
  • Мәлібеков Жандарбек - 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 
  • Мәмбеев Сабыр - 1928 жылы туған,  Қазақстанның халық суретшісі
  • Молодов Анатолий - 1929 жылы туған, КСРО халық әртісі
  • Мышбаева Нүкетай - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері
  • Нөгербек Алтынай - 1976 жылы туған, актриса
  • Нүсіпжанов Нұрғали - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі
  • Обаев Есмұқан - 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
  • Оразбаев Сәбит - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Померанцев Юрий - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Разиева Гульвира - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Рысқали Ерлан - 1982 жылы туған, әнші
  • Сақиева Күләш - 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Сарықұлова Гүлшара - 1925 жылы туған, өнертанушы
  • Тасыбекова Торғын - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Тоғызақов Ерболат - 1948 жылы туған, актер
  • Толоконников Владимир - 1943 жылы туған, актер, Қазақ КCP еңбек сіңірген әртісі
  • Трегубенко Андрей - 1978 жылы туған, әнші
  • Төлегенова Бибігүл - 1929 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Уәлиханов Шота - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Хасанғалиев Ескендір - 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Шәріпова Зәмзәгүл - 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
  • Ыбыраев Ахат - 1987 жылы туған, кинорежиссер, продюсер

Бөлісу:

Көп оқылғандар