Маска мен қолғап киіп барыңыздар...
Бөлісу:
21.05.2020
4560
Нұр-Сұлтан, Ш. Айманов көшесі 13 үй - "Фолиант" баспасының ауласы. Атаулы баспа 21-23 мамыры аралығында таңертеңгі оннан кешкі беске дейін өз өнімдерін сатып жатыр. Иә-иә, сауда карантин режиміне байланысты аулада - ашық аспан астында қызып жатыр. Ел ішін жайлаған індет жұртты сейіл-серуен, кеңсе жұмысынан айырса да, кітап оқуға тосқауыл бола алмасы анық. Сізді жақсы кітапқа үйір қылатын және бір себеп - мына жәрмеңкедегі құнды тауар бағасы небары 100 теңгеден басталады. Сондықтан асығыңыз. Айтпақшы, тақырыпты оқыған шығарсыз, маска мен қолғап киіп баруды ұмытпаңыз...
Бөлісу: