«Кітап патшалығы» журналы жарық көрді

Бөлісу:

11.06.2020 5960

Сүйінші жаңалық - жалпы оқырманға және кітапхана мамандарына арналған «KITAP PATSHALYǴY.qz» журналы жаңа нұсқада жарық көріп, қолымызға тиіп отыр!

Бүгінгі таңда Қазақстанда кітапхана саласына арналған бір де бір журнал жоқ. Отандық кітапханалар өзге тілде шығатын шетелдік журналдарды көрші елдерден жаздырып алуға мәжбүр. Бұл білім мен мәдениеттің қайнар көзі саналатын кітапхана саласында өзге мемлекеттердің идеологиясы үстемдік етуіне жол ашады деген сөз.

Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көріп отырған «KITAP PATSHALYǴY.qz» журналы осы олқылықты жоюға бағытталған еліміздегі бірден бір журнал екенін айтқым келеді!

Журналдың қамтыйтын тақырыбы өте кең! Оған алдағы уақытта тағы тоқталамыз!

Журналдың бас редакторы аяулы апаймыз, ғажайып жазушы Оралхан Бөкейдің қарындасы, кітапхана саласының майын ішкен кәсіби маман Ғалия Бөкейқызы!


Ал ендеше, бәрімізге құтты болсын! Атсалысыңыздар!

Бөлісу:

Көп оқылғандар