Дәрігердің жыр жинағы

Бөлісу:

27.08.2020 2854

Астанадағы Жазушылар үйінде ақын-сазгер, академик дәрігер, Еуразия және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толқын Ақанұлының жыр жинағының беташары болды. Кітаптың атауы - "Қарағайбастауым", жиын модераторы - ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы. Жаңа кітапқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, белгілі жазушы Жәди Шәкенұлы т.б. қонақтар құтты болсын айта барды. Барысы әдебиет пен өнердің болымды әңгімесіне ұласқан атаулы жиыннан фоторепортаж тамашалай отырыңыздар.

Бөлісу:

Көп оқылғандар