Елордада қалалық тіл фестивалі қорытындыланды (фоторепортаж)
Бөлісу:
Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ХХІІ қалалық тіл фестивалінің қорытынды кеші өтті.
Несіпбек Айт, Серік Негимов, Марат Әбсемет
«Тәуелсіздік» сарайында өткен салтанатты кешке қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Тіл фестиваліне қатысушылар
Шара барысында «Руханият» орталығының Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған ХХІІ қалалық тіл фестивалі аясында өткен барлық іс-шараларға шолу ретінде арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Есіркеп Сәкен Зиябекұлы XXII қалалық Тіл фестивалінің аяқталуымен құттықтап, басқарма басшысы Қышқашбаев Тлеуғали Әшірбекұлының атынан фестиваль аясында елеулі еңбек атқарған зиялы қауым өкілдеріне Алғыс хат табыстады.
Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Есіркеп Сәкен Зиябекұлы
Фестиваль аясында ұйымдастырылған Абай көрмесі
Сәкен Зиябекұлы мен Нұркен Өтеуілов
Дәстүрлі әнші Ерболат Шалдыбеков
Көрмедегі хәкім Абай бейнесі
Дәстүрлі әнші Елмұра Жаңабергенова
Әрі қарай шара Серік Негимов, Марат Әбсеметов, Несіпбек Айт сынды зиялы қауым өкілдерінің сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдіруімен жалғасты. Сонымен қатар, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әніға Бағдат та шараға атсалысып, белсенділік танытқан қатысушыларды марапаттады.
«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әніға Бағдат қатысушыларды марапаттау сәті
Сондай-ақ, шара соңында қатысушылар арнайы ұйымдастырылған Абай көрмесін тамашалады.
Бөлісу: