Елордада «Жас қаламгер» мектебіне қабылдау басталды
Бөлісу:
10 тамыз қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың туған күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға, ғылым-білімге ынталандыру үшін «Жас қаламгер» оқу мектебіне өтініш қабылдау жарияланды.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында оқу сауаттылығын арттыру, табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі заманғы қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастыру, өзін-өзі тану үшін жағдай жасау және балалар мен жасөспірімдердің танымдық-шығармашылық белсенділігін дамыту, заманауи білімін тереңдету, Абай мұрасы арқылы баланың ой-өрісін кеңейту.
«Жас қаламгер» оқыту мектебі «Драматургия мәдениеті», «Әдебиет әлемі – проза жанырында», «Тіл шеберлігі және поэзия», «Ғылым тап = Find science» (Абай шығармалары арқылы ағылшын тілін үйрету), «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы немесе ақын болудың құпия сырлары» бойынша 5 бағытта жұмыс жасайды.
Жобаны іске асыруға жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқанова Роза Қажығалымқызы, ақын, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Айт Несіпбек Тұрысбекұлы, айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты – Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы, ағылшын тілінің аудармашысы, оқытушысы, журналист, абайтанушы - Ернат Мелсұлы, ақын, филология ғылымының докторы, профессор – Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы жәнеде басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері қатысады.
10 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде оқитын балалардан, олардың ата-аналарынан өтініш қабылданады. Қатысушылар саны шектеулі, 175 бала. Сондықтан оқуға, дамуға талабы зор балалар әр бағыт бойынша жетекшілердің іріктеуі бойынша қабылданады. Курс 8 қыркүйекте басталады.
Анықтама телефондары: Марат Мұхамеджанұлы, «Жас қаламгер» оқу мектебі жобасының үйлестірушісі, байланыс телефоны: 8 (701)-830- 65-30.
Бөлісу: