Өзбекстан сапарынан қысқаша мағұлмат

Бөлісу:

28.12.2022 1534

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға іссапармен  барып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев екеуі маңызы зор тарихи құжаттарға қол қойғаны баршаға мәлім. Президенттердің қабылдаған шешімдеріне ақын-жазушылар, азаматтық қоғам өкілдері де әр саладан ат салысуға міндетті деп ойлаймын.

25 желтоқсан Өзбекстан ақындарымен ортақ жобамыз аясында Қазақстанның 20 жас ақыны енген «Юз Шеьр» кітабының тұсаукесеріне Өзбекстанға, Ташкент қаласына келдік. Делагация құрамында Алмас Қалиев, Әмина Адайхан, Арман Сарынов, Бауыржан Айткәрімов және мен бар. Бізді әуежайдан ақын, Уәзірлер мекемесінің жауапты қызметкері Faxriddin Hayitov , Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қайрат Мажит, жазушы, ақын Мумуар ханым күтіп алып, Заркенттегі шығармашылық үйіне орналастырды. Кешкі қонақасыға Президент кеңесшісінің орынбасары, ақын Нодир Жанұзақ келіп, дастархандас болып, құрмет көрсетті.

26 желтоқсан. Күн тәртібі Өзбекстанның жаңа бағын көрсетуден басталды. Бұл күні Төле би бабаның басына бардық. Жазушылар одағы жанындағы бақта орналасқан Алшер Науаидың басына Одақ төрағасы Сирожиддин Соййидпен бір гүл қойдық. Жазушылар одағында Одақ төрағасының, ақын- жазушылардың қатысуымен тұсаукесер шара өтті. Бізге одақ төрағасы Сирожиддин аға,  біз  Сирожиддин ағаға шапан жапты. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің сәлемін жеткіздік.

Біздің шараға орай Абдолла Рүстемов, Анар Нәлібаева, Наурызбай Жарбосынұлы қатарлы үш қазақ ақын-жазушыларына Өзбекстан жазушылар одағына қабылдады.

27 желтоқсан. Ғафур Ғұламның мұражайына бардық. Қызы Асыл ақын жайлы естелік айтты. Мұхтар Әуезовпен сыйласқанын, Сәбит Мұқановтың отбасымен дос болғанын тілге тиек етті. Сәбит ағаның келгенде екі қазы ала келетінін әңгіме қылды. Екі елдің жас ақындарына сондай достық тіледі. Бұл сапар ақвндардың шынайы достығынан бастау алған тамаша сапар болды. Көңілге көп нәрсе түйдік. Кейін жаза жатамыз.

 

                                                                                                                                    Мұратхан ШОҚАН

Бөлісу:

Көп оқылғандар