Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
МАҚАЛА
Дархан даланың Дарабозы

Блогтар

21.04.2024
2298

Дархан даланың Дарабозы

Дархан даланың Дарабозы

Дархан даланың Дарабозы

 Қазақстанның халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік классигі, саналы ғұмырын қазақ халқының әдебиетін өркендетуге арнаған замана нар тұлғасы -Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Қытайдың Тарбағатай өңірінде дүние есігін ашты. Жазушы шығармалары көбіне шекара бөлінісі кезінде Алтайдың күнгей бетінде қалып қойған қазақтардың басынан өткен сан қилы оқиғаларын баяндайды. Өмірінде қос қызыл үкіметтен  теперішті көп көрседе өзінің алға қойған мақсатынан таймаған кемеңгер жазушының ғибратты өмірі әрбір қазаққа үлгі. Жаузушы қаламынан туған «Дарабоз» , «Соңғы көш» атты романдары  оқыған адамды ерекше әсерге бөлейді.

.

 1936 жылы қазақтың қытайға қарап қалған Тарбағатай өлкесінің  Малдыбай ауылында Жұмаділдің үйінде тағы бір ұл дүниеге келді. Бұл- Қабдеш Жұмаділов.Азан шақырып қойған есімі – Қабдырашит. Жазушының бойындағы күрескерлік,батырлық,батылдық сынды қасиеттер ата-бабасынан дарыған. Қазақтар алғаш Тарбағатайға қоныстанған да бабасы  Смайл бүкіл рудың көсемі болған. Найманның төруыл руынан шыққан. Атасы Күдері би - қарағылды қақ жарған, төртуылдың төбе биі болған деседі.Мешіт садырып, қыр қазағын сәждеге жыққан. Әкесі Жұмаділ сол мешіттің жанынан соңғы малын сатып мектеп салғызған адам. Әкесі  Қабдешке намаз оқуды үйреткен. 11-12 жасында ақылы толысқанда жазушыны әкесі намазда жиі имамдыққа шығарып отырады екен.Қабдеш Жұмаділовтың «Бабаларым ұлт алдында үлкен мессия атқарды» деуінің де тегін емес екенін көреміз.Қабдеш өскен үйді жұрт « Қарамендінің қара шаңарағы деп атаған екен. Бүкіл шарушалықты анасы Қанипа атқарыпты. Қанипа 1916 жылы ақ патшаға жігіт бермейміз деп Зайсаннан Қытайға көшкен айтым руымен Ертісті жүзіп өтіп аман қалып. Тарбағатайға келгенінде Жұмаділге атасы Күдері қосыпты.  Жазушы әкесінің табиғаты «бай баласы-балпаң» деген тәмсілге көп келетінін айтады. Оған себеп бай баласы болғандытан көптеген тірліктерді жасамайды екен. Қара шаңырақтың барлық шаруасын түгелдей Қанипа атқарыпты. Күдері биден кейін шаңырақтың шайқалмауына осы анасы Қанипаның еңбегі мол. Бір қызығы Қ.Жұмаділов Алматыға келіп, анасының ер-тоқымын орталық музейге сатқан екен. Сол ер-тоқым «Қыз-Жібек» көркем фильмінде Жібектің ер-тоқымы ретінде пайдаланылыпты.

Өз ауылынан бастауыш мектепті тәмәмдап, 1952 жылы Шәуешек гимназиясын аяқтайды.Қытай үкіметінің берген жолдамасымен  Алматы қаласындағы сол кездегі Қазақ мемлекеттік универститенінің филология мамандығына оқуға түседі. Бұл оқуға жазушы түспей қалуы мүмкін екен. Жолдаманы ұтып, Алматыға аттану үшін Шәуешекке келгенінде орнына басқа ұйғыр жігітті жазып қойыпты. Ал Қабдешті Ташкентегі ауылшарушылығы институтына жазған. Абырой болғанда басшылықты шулатып жүріп, ақыры Аламатыға баратын болыпты.Сол жылдардағы универ ректоры Темір Дарқанбаев өзі қабылдаған екен. Қабдештің Қазақстанға келуі Хрушевтың «жылымық» саясатымен, 1937-1938 жылығы қуғын-сүргін құрбандарын ақталып жатқан кезімен тура келген. Филология факультетінде сол уақыттарда   профессор Бейсенбай Кенжебаев, доцент Зейнолла Қабдолов, Кәкен Аханов сынды ұстаздар лекция оқыған. Ал Мұхтар Әуезовпен 1954 жылы  филология факультетінде танысады. Шыңжаңнан қазақ балалар оқуға түсті дегенді естіген М.Әуезов Қабдеш бастаған бір топ жігітті кафедраға шақыртып танысып жөн сұрасады. «Абай жолы» кітабының төте жазуымен сол жақтағы жұрттың оқығанын естіген Мұхаң бір марқайып қалады. Көшпенділік салтын сақтап қалған Алтай жұртына Абай өмірі бір табан жақын екенін айтады.  Сонымен қатар Сәбит Мұқанов сынды заңғар жазушымен дидарласады.  Дегенмен 1962 жылы екі ел арасындағы саяси жағдайдың нашарлауынан Қабдешті Қытайға қайта шықарып алады. Қытайда науқан басталып, елді ұлтшылдардан тазарту қолға алынады. 1958-1962 жылдары Қытай өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырайды. Осы төрт жылда жазушы көптеген қиындықтарды басынан кешірді. Алайда қол қусырып отырмады. Кеңес үкіметіне қайта-қайта хат жазып, Тарбағатайдағы біраз жұрттың Кеңестердің қол астына өткісі келетінін жеткізді. Хатты КСРО Жоғары Кеңесінің призидумының төрағасы К.Е.Варошиловқа көшірмесін  Қазақстан Компартиясы Орталық коминетің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа жібереді. Артынынан Н.Хрушев пен Д.А.Қонаевқа да көптеген хаттар жазды. Ұрымтал сәтті жақсы пайдаланған жұрт атамекен Қазақстанға көшуді бастайды.Шекараны қорғайтын Кеңес әскерлері шекараны бес жырден ашып тастайды.1962 жылы сәуір айында 200мыңдай қазақты бастап, шакараны бұзып өтіп, атамекен Қазақстанға қайта оралады. Бұл көштің маңызы- ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыстан әбден қалжырап азайған елге ел қосылып бір жасап қалды. Қабдеш Жұмаділов бастаған бұл  сол кездегі көш  Семей, Өскемен маңына қоныстанады. Екі айдың ішінде құжаттарын алып толық орналасады. Қайта келгеннен кейін оқуын қайта жалғастырады.Бұл көш жазушының шығарашылығына арқау болған оқиға. Елге келгеннен кейін  алғашқы әңгімесі «Қаздар қайтып барады» жазады. Осылай жазушының шығармашылық жолы басталады.

Қазақ әдебиеті газетінде (1965 – 67ж), Жазушы баспасында (1967- 76ж), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) жұмыс жасады. 1981 жылдан бастап толық шығармашылыққа көшті.

«Соңғы-көш»  дилогиясы- Шығыс Түркістан қазақтарының өмірінен сыр шертетін туынды. Басты кейіпкер Естайдың прототипі автордың өзі. Шығармада халықтың басынан өткен қиындықтары баяндалады. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық беріледі. Ал басыт кейіпкері Дәмежан образы арқылы Шығыс Түркістан қазақтары мен азаттықа ұмтылысын арқау еткен «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген Қара керей Қабанбайдың өміріне арналған сүбелі туындысы ол- «Дарабоз» романы. Қ.Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Атамекен, Тағдыр романдары, Соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние»ғұмырнамалық романы, «Қылкөпір»  романдары Жазушының түгелдей дерлік шығармашылығы Шығыс Түркістандағы халықтың тарихы мен тағдырына арналды. Қабдеш Жұмаділов қазақ әдебеитіне тұңғыш рет «қазақтардың атамамекенге оралу» тақырыбын көтерді. Тәуелсіздіктен кейін елге оралған қазақтарға тағылған «оралман» деген атауды «қандас» деп ауыстыруға ат салысты.  

Қабдещ Жұмаділов:  «жан тәсілім етер алдында, мен сол көщті еске алып, өз-өзіме разы болып кететін шығырмын...» деп- Сол 60 жылғы көште өзінің көрсеткен қайраеткерлігіне разы болды. Алып жүрек 85 жасқа қараған шағында 2021 жылдың 5 сәуірінде мәңгілікке тоқтады. Жазушының артын да қазақпен бірге мәңгі жасасатын классикалық туындылары қалды. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың есімі халқының жүрегінде мәңгі сақталатыны анық.

 

 

Хамза Берден

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2курс студенті


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: