Әнес Сарай
Әнес Сарай (1937-2021) 21 қарашада Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай ауылында туған. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеген. Кеңес Армиясы қатарында болған.
1964-65 жж. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, Балқаш қалалық телевизиясында аға редактор (1966), 1967-71 жж. «Жас Алаш» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, бөлім меңгерушісі болды. 1971-82 жж. «Жазушы» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1982-84 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1978-97 жж. «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, бас редактор боп істеді. 1998 жылдан шығармашылық жұмыста.
«Мұнаралар шақырады», «Қараша өткен соң», «Бозқырау», «Ақ тымық түн» повестер мен әңгімелер жинағының, «Тосқауыл», «Алтын арал», «Атырау», «Еділ- Жайық» романдарының, «Тотиып қалды», «Қу тазша», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау», «Балуан Шолақ» пьесаларының, «Мұхаммед пайғамбар», «Исатай мен Махамбет», «Асылдың сынығы», «Көнеліктер» тарихи-зерттеу кітаптарының, «Біз – жастармыз», «Атаман Анненковтың ақыры» киносценарийлерінің авторы. Көптеген әңгіме, повестері орыс, украин, әзербайжан, татар, мары, өзбек, ұйғыр, қытай тілдеріне аудар- ылған. Соңғы жылдары қаламгер қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін зерттеумен шұғылданып, елеулі еңбек тындырды. Соның бірі – «Ноғайлы» зерттеуі.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).
Шығармалары: Мұнаралар шақырады. Әңгімелер мен повестер. А.,«Жазушы», 1969; Қараша өткен соң. А., «Жазушы», 1971; Бозқырау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1973; Тосқауыл. Роман. А., «Жазушы», 1976; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1984; Ақ тымық күн. Роман. А., «Жазушы», 1989; Асылдың сынығы. Роман. А., «Жазушы», 1996; Исатай – Махамбет тарихы, А., 1997; Адайлардың арғы тарихы. Роман. А., 1998; т.б.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
