Әсіпұлы Сапабек
ӘСІПҰЛЫ САПАБЕК (1925 – 2018) 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде туған.
Еңбек жолын он екі жасында шығырға құлақшы болудан бастады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шұғылданды: Қостанай облыстық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 1965 – 67 жж. Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қазақ Совет Энциклопедиясының» бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген.
«Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт, қалжыраған халық» (1998), «Танталовы муки степи» (2001) кітаптары бар. «Нұрхан Ахметбековтің поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
