Жуырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп, «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» атты жоба ұйымдастырды.
Аталған жоба – жас ақын-жазушыларды қолдауға және олардың шығармашылығын дамытуға бағытталған маңызды бастама. Жоба аясында шығармашыл жастардың әдеби әлеуетін арттыру, олардың қоғамдағы рөлін күшейту және ұлттық әдебиеттің жаңа бағыттарын қалыптастыру мақсаты көзделеді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 20 жас қаламгер іріктеліп, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларын аралап, әрқайсысы өзіне тиесілі мекен бойынша қалам тербеді.
Нәтижесінде Саян Есжанның «Жайық жырлары», Ғылымнұр Кәдірбайдың «Тау ішінде», Абай Сагиевтің «Там, где течет Тобол», Біржан Ахмердің «Мың бояулы мекен», Есбол Нұрахметтің «Қызылжар дәптері», Жантас Еркіннің «Жақыныңды жоғалту», Рауан Қабидолдиннің «Ергенеқон», «Әлішер Рахаттың «Күз. Жел. Бұлттар. Ғажайып», Бақытбек Қадырдың «Жайлаукөл», Әлихан Жақсылықтың «Ескі вокзалдың жолаушылары», Нұртас Тұрғанбектің «Ұлы отау», Жәнібек Әлиманның «Алтын тұңғиық», Асылан Тілегеннің «Өзен», Айдын Байыстың «Алтын қазық», Жақсылық Қазымұратұлының «Көкөзек», Досхан Жылқыбайдың «Бас кейіпкер», Қуаныш Жазайұлының «Жыр-дария», Әлімжан Әлішердің «Маңғыстау мақамдары», Мәрлен Ғилымханның «Төбелер стихиясы», Жанасыл Серікболдың «Сарсаң» атты кітаптары жарық көрді.
Жоба жаңа Қазақстанның рухани жаңғыруына үлес қосып, жас таланттардың өз әлеуетін ашуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол ұлттық әдебиеттің дамуына серпін беріп, болашақ ұрпақ үшін құнды әдеби мұра қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл бастама жас қаламгерлерді қолдау арқылы елдің мәдениеті мен әдебиетінің жаңа биіктерге көтерілуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.