Әбіраш Жәмішев
(1928-1995)
1928 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы Бесөзек ауылында туған. 1956 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Соңғы курста жүргенде республикалық «Соцалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында қызметке орналасқан.
Содан бастап, өмірінің ақырына дейін «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Егемен Қазақстан», «Заман-Қазақстан», «Түркістан» секілді республикалық газет-журналдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған. 1965 жылдан бастап оннан астам жыр кітабы оқырман қауымның қолына тиді. Әдеби сынға атсалысты, көркем аудармамен де шұғылданған.
Оның аударуында Хафиздің, Физулидің ғазалдары «Ұлы ақындар кітапханасы» сериясы арқылы қазақ оқушыларына жетті. Сондай-ақ ол А.С.Пушкиннің, А.Исааяканың, Айбектің, М.Исаковскийдің бірталай өлеңдерін, А.Вознесенскийдің «Лонжюмо», С.Шипачевтың, армян жазушысы Г.Эминнің «Армения туралы жеті жыр» кітабынан «Жазбалар жырын», тәжік ақыны М.Қаноатовтың «Вахш толқындары» деген атпен өлеңдері мен поэмалар жинағын, Қ.А.Иасауи хикметтерін аударған. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Шығармалары: Арай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1965; Күміс кірпіктер. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1967; Дала шұғыласы. Очерктер. А., «Қазақстан», 1967; Жыр жанры. Әдеби зерттеу. А., «Жазушы», 1970; Сағым толқын. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Биік мәртебе. Әдеби сын мақалалар. А., «Жазушы», 1974; Армысың, алтын күнім! Очерктер. А., «Жазушы», 1976; Төскей. Таңдамалылар. А., «Жазушы», 1980; Кезең кестелері. Сын мақалалар. А., «Жазушы», 1984
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
