Аударған Қайрат Дүйсен
Кеме күйрегенде
Шөл азабы рас, ерін кезерген,
Ащы теңіз бетіндеміз, мұңайып.
Іштік сордан. Қадірледік кеберген
Қу сүйекті. Жарылқауға лайық,
Бойдағы әр сепкілім деп келем мен.
Өмір оты жылыстайды алыстан,
Уақыт – зулап, қасқыр болдық жабайы.
Шаңқылымен құстар шулап жарысқан,
Іздедік кеп арулардың аралын,
Әкемізді қаза болып қалысқан,
Дүңгіршегін, барлық керек-жарағын.
Жалғыздыққа үйрендік. Кейбіріміз
Люкті жамап аздап қана жарылған,
Үміт сыйлап жұлдыздар, кей күні біз
Рахаттандық. Желкен болса таңылған,
Жансыз, жел жоқ. Дер ме ең мұны кесел бір,
Теңіз бізге өз билігін жүргізді.
Желкен асты жаншып жүрек-кесемді,
Толқын тамшы аялап бет жуғызды.
Құмдай үнсіз сыңсығанда егіле,
Толқын секем түсірер ме көңілге?
*****
Автократия
Бұл жаз көрдік қиындық,
Бар рахаттан тиылдық.
Жексенбіні ұнатып біз ұлы еттік,
Қақымыз бар ләззатқа реттік.
Нәзіктікті жалға мұнда қалдырып,
Атқаратын алдық істі дағды қып.
Бюсьт үсті шаң делдал биржа орнының,
Кесіп өтіп, күлгін түске шомды күн.
Тістесеміз ауысымда қырқ-пышақ,
Бізді дерсің антқа берік жыртқыш-ақ.
Шарасыз да рең кіріп хәліме,
Қолхатыңда: Алғыс, – депсің, – тәніңе!
Менің Айым басын саған изесе,
Көзін қысты сенің Айың ілесе.
*****
Кейіпті сақтау
Сынақ аз білім нәрін ішкен жанға,
Жебе атып, қарағандай құс пен малға.
Жарылған дене мен тәнді,
Таппассың көргенмен мәнді.
Аузымыз тыным таппас,
Нәрсемен жанға жақпас.
Алайда, түнде оянып кетіп иістен,
Ішкиімді түзейміз бойға киіскен.
Ант бергенмен мол қып қармап қалуға,
Қолдағымыз жеткілікті болуда.
Алма ағашын кестік көше сәні үшін,
Телефон сымды ақ сары гүл, бақ ішін.
Рухымыздың титтей өлі бөлшегі,
Күлді тыңдап іштегі әр нәрсені.
Ап жүрмейміз скальпелден басқасын,
Террорларды қолдау деген бос, досым.
Қазіргі заманғы ғылымда,
Бар бейне-кейпім шынында.
Көздей ғана саңылаулы қағаз қап,
Ауыз жыртар ісі бардай қараңғы-ақ.
Ал бизнесте о жағын,
Сездірмейміз әп-әдемі баяндап.