Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов

16.05.2017 5370

Хамелеон

Язык оригинала: Хамелеон

Автор оригинала: Антон Чехов

Автор перевода: Г.Исмағұлова

Дата: 16.05.2017

Базар алаңымен үстіне су жаңа шинель киген, қолында түйіншегі бар полейцей бақылаушысы Очумелов келеді. Оның артынан қолында  ішіне тәркіленген қарлыған толтырылған елеуіші бар, жирен полиция қызметкері  адымдайды. Айнала тыныштық... Алаңда жан баласы жоқ... Ашық тұрған дүңгіршектер мен кабактардың есіктері  ашқарақтана жарық сәулесіне жабырқап қарайды; олардың төңірегінде тіпті қайыршылар да жоқ.

 

data-cke-saved-src=/upload/1/2017/05/16/7a568e0a1ddae52d2ccd52b9a5ce13f0.jpg

 

Кенет Очумелов «Солай тістейсің бе, малғұн?» – деген дауысты естиді. – Балдар, жібермеңдер оны! Қазір тістеуге заң жоқ! Ұста! А.. а!

Иттің қыңсылағаны естіліп тұрды. Очумелов жан-жағына қарап: көпес Пичугиннің отын қоймасынан үш аяқтап секіре, айналасына жалтақтай қарап қашқан итті көрді. Оның артынан үстінде крахмалданған шыт жейдесі мен ашық-шашық жакеті бар адам қуып келеді. Ол итті қуып келе жатып жерге омақаса құлап иттің артқы аяғына жармасты. Тағы да иттің қыңсылы мен «Жіберме» деген айқай естілді. Дүңгіршектерден ұйқылы-ояу кескіндер шығып, лезде отын қоймасының жанына жерден қаулап шыққандай тобыр жинала қалды.

  • Бәлкім, тәртіпсіздік болар, мәртебелім!.. – деді полиция қызметкері.

Очумелов жартылай солға бұрылып жиылған жұртқа қарай аяңдады. Дәл қақпаның қасынан жилеткасы ашық-шашық, ал өзі оң қолын жоғарыға көтеріп, жұртқа қансыраған саусағын көрсеткен адамды көрді. Оның жартылай мас кейпінен: «Өшімді алармын сенен, сұрқия!» - деген ниеті байқалады және жаралы саусақтың өзі де жеңістің нышанын білдіріп тұр еді. Очумелев бұл адамның қолы шебер Хрюкин екенін білді. Тобырдың ортасында алдыңғы аяқтарын жерге тарбитып, бүкіл денесі дірілдеп даудың нақ айыпкері – сүйір тұмсықты, арқасында сары дағы бар ақ тазы күшік отыр. Оның жастанған көзінде жабырқау мен үйрей бар.

  • Мұнда не жағдай? – деп сұрады Очумелов жиналған топтың ішіне кіріп. – Неге жиналдыңдар? Неге саусағыңды көрсетіп тұрсың? Айқайлаған кім?
  • Ешкімге тиіспей тып-тыныш келе жатқам...- деп Хрюкин жұдырығына жөтеле әңгімесін бастады. – Митрий Митричпен отын жөнінде, кенет мына сұм қараптан-қарап саусағыма жабыспасы бар ма... Сіз мені кешіріңіз, мен қара жұмыстың адамымын... Менің жұмысым ұсақ-түйек жұмыс. Төлесін маған, өйткені бәлкім, мен бұл саусақты бір апта қозғалта алмай қалатын шығармын... Мәртебелім, заңда мақұлықтан таяқ жесін делінбеген... Егер әрқайсысы осылай тістейтін болса, онда өмір сүруден қаламыз ғой...
  • Ім!.. Жақсы.. – деп Очумелов жөтеле және қасын қимылдатып қатулана сөйледі. – Жақсы... Бұл кімнің иті? Мен бұны бұлай қалдырмайм. Мен сендерге итті жіберіп қойғанның қандай болатынын көрсетем! Заңға бағынғысы келмейтін мырзалармен айналысатын уақыт жетті! Мұндай жауыздарға айыппұл төлеткеннен кейін, ит пен малды бетімен жіберудің не екенін білетін болад! Оларға көресетем мен көресіні!.. Елдырин, – деп бақылаушы полиция қызметкеріне қарады да – кімнің иті екенін біл де хаттама толтыр! Ал иттің көзін жою керек. Тез арада! Ол мүмкін құтырған ит болар... Кімнің иті димін?
  • Бұл, генерал Жигаловтың иті сияқты! – деп топтың ішінен біреу айқайлады.
  • Генерал Жигаловтың? Ім!.. Елдырин пальтомды түсіріп жібер... Күннің ыстығын-ай! Жауын жауар алдындағы ысу ғой дим... Мен бір нәрсені түсіне алмай тұрмын: бұл сені қалай тістеп алды? – деді Очумелов Хрюкинге. – Оның саусаққа бойы жете ме? Ол болса кіп-кішкентай, ал сен дәп-дәусің! Сен саусағыңды шегемен тырнап алып, содан соң өтірік айтып тұрған болуың керек. Сендейлер... жайларың белгілі! Білем сендерді, сайтандар!
  • Мәртебелім, ол күлкі үшін иттің бетіне темекі тақап, ал ол болса жаны бар мақұлық қой шыдай алмай өзіне тап берді... Өзі де шатақ адам жүрген!
  • Өтірік айтпа қыли! Көзбен көрмеген соң, өтірік айтып не қажеті бар? Мәртебелімнің өзі де ақылды, кімнің жалған, кімнің рас айтатынын түсінеді... Ал егер айтқаным өтірік болса, сот төрелігін айтсын. Оның заңында айтылған... Қазір әлемдегінің барлығы тең... Менің өзімнің де бауырым  жандармда... білгілерің келсе...
  • Қысқартыңдар!
  • Жооқ, бұл генералдікі емес...- деді полиция қызметкері терең ойлы түрмен. – Генералда мұндай ит жоқ. Онда кіл аңға салатын иттер...
  • Сен мұны анық білесің бе?
  • Анық, мәртебелім...
  • Мен өзім де білем. Генералдың иттері қымбат әрі асыл тұқымды екенін, ал мынаның – не екенін сайтан білсін! Не жүні жоқ, не түрі жоқ... барып тұрған оңбаған... Осындай итті қалай ұстайды жұрт?!.. Бастарың қайда сендердің? Мұндай иттер Петербургте не Москвада жолықса не болатынын білесіңдер ме? Онда заңға да қарамастан – сол мезетті сеспей қатыратын еді! Хрюкин сен зардап шектің, енді бұл істі бұлай қалдырма... Сазайын тартқызу керек! Кезі келді...
  • Мүмкін генералдікі де шығар... – деп ойлана дауыстады полиция қызметкері. – Маңдайында жазылып тұрған жоқ қо... Жуырда ауласынан осындай біреуін көргем.
  • Әлбетте, генералдікі! – деді тобыр ішінен бір дауыс.
  • Ім!.. Елдырин бауырым, маған пальтомды кигізе ғой... Жел соғып кетті білем...Тоңдырып кетті... Сен бұл итті генералға апарып, сұра. Менің тауып алғанымды және ертіп жібергенімді айтасың... Және енді көшеге жібере көрмесін деп айтты де... Ол мүмкін қымбат ит болар, кез-келген шошқа оның тұмсығына темекі тақайтын болса, ит бұзылмағанда қайда барад. Ит деген – нәзік мақылұқ... Ал сен, ақымақ, қолыңды түсір! Есуас саусағыңды шошайтудың қажеті жоқ! Өзің кінәлісің!..
  • Генералдың аспазы келе жатыр, содан сұрайық... Ей, Прохор! Мұнда келші, қалқам! Мына итке қарашы... Сіздікі ме?
  • Ойдан шығарған! Мұндай ит бізде ғұмырда болған емес!
  • Иә, сұраудың да қажеті шамалы, - деді Очумелов.
  • Бұл қаңғыбас ит! Көп созудың да қажеті жоқ... Егер қаңғыбас десе, қаңғыбас та болар... Көзін жою керек, осымен әңгіме бітті.
  • Бұл біздікі емес, - деді Прохор сөзін жалғап – Бұл жуырда келген генералдың бауырынікі. Біздікі аңға салатын емес. Оның бауыры аңшы...
  • А інісі келіп пе еді оның? Владимир Иваныч  па? – деп сұраған Очумеловтің жүзі елжіреп күлкіге көмілді. – Қарай гөр! Ал мен білмеппін! Қонаққа келген бе?
  • Қонаққа...
  • Құдайым-ай... Бауырын сағынған ғой... Ал мен оны білмедім де. Сонда бұл солардың иті ме? Қуаныштымын... Ал онда ертіп ал оны... Күшік жаман емес... Сондай пысық... Мынаның саусағына жабысыпты! Ха-ха-ха... Енді неге дірілдейсің?  Ыррр. Ырр... Ренжіп тұрғанын, залымның...

Прохор итті қасына шақырып отын қоймасынан алыстап бара жатты... Жиылған жұрт Хрюкинге қарқылдап күлуде.

  • Мен саған да жетемін әлі! – деп оны қорқытқан Очумелов болса шинелін жамылып, базар алаңындағы жолға түсіп сапарын жалғастырды.