Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мамытбек Жаңбыров

Мамытбек Жаңбыров

Мамытбек Жаңбыров
Рейтинг:
Өмірбаяны

 

Мамытбек Жаңбыров 1936 жылы 25 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы Монтай әкімшілігіне қарасты Қабылсай елді мекенінде дүниеге келген. Ташкент қаласында несиеқаржы техникумын, Қаржыэкономикалық институтын бітірген. 
 
1959–1961 жж. Арыс қаласында мемлекеттік банкте – экономист, 1961–1965 жж. Арыс ауданында, кейін Түркістан ауданында бақылаушытексеруші, 1965–1968 жж. Түркістан аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде инспектор, 1968–1977 жж. Келес ауданында бақылаушытексеруші, 1977–1981 жж. Бөген (қазіргі Ордабасы) ауданында аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1981–1990 жж. Шымкент қаласында автокөлік мекемесінде бас есепші, 1990–1998 жылдары Қаржы бақылау басқармасында бас бақылаушы болып қызмет атқарған. 
 
1997 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Өмір өткелдері», «Алтын алқа» баспасынан «Тағдыр», «Кенжебай баба ұрпақтарықазаяқ көлеген шежіресі», 1998 жылы «Арпалыс» прозалық кітаптары шыққан.
 
 

 

Көп оқылғандар