Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Тіл-қазына» орталығы Оксфорд университетімен ынты...

25.04.2024 427

«Тіл-қазына» орталығы Оксфорд университетімен ынтымақтастық орнатты 14+

«Тіл-қазына» орталығы Оксфорд университетімен ынтымақтастық орнатты - adebiportal.kz

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Іс-шара барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Оксфорд «Birsöz» қоғамдық компаниясы бастаған жоба аясында Оксфорд университетімен әріптестік келісім орнатты.

Ынтымақтастық меморандум негізінде бірнеше ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Солардың қатарында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Оксфорд ғалымдарымен салалық терминологиялық сөздіктерді құрастыру, Оксфорд университеті лингвистикалық зертханаларының тәжірибесін негізге ала отырып, аталған оқу орынының мамандарымен бірге «Тіл-Қазына» зертханасын құру және қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жүйелеу мен халықаралық стандарттау т.б ана тілімізді дамытуға тың серпін беретін іс-шаралар бар.

Бұл кешенді келісімге «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан бөлек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қатысты. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы қаңтар айында Ұлыбританияда жоғарыда аталған меморандумдарды іске асыру туралы келіссөздер жүргізу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің бірінші басылымын ұсынған болатын. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар