Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жұмабай Құлиев

Жұмабай Құлиев

1958 жылы 9 мамырда Атырау облысы Мұқыр ауылында туған. Біраз жыл шопан болып еңбек етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашында республикалық «Ақ желкен», «Жалын» журналдарында, кейіннен «Жетісу», «Отан», «Ана тілі», «Заң газеті» редакцияларында, «Мәдениет», «Хабар» телеарнасының дубляж бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

Әр жылдары баспалардан «Күн төбеден ауғанда», «Күй қағаны», «Р.Өтесінов», «М.Есенов», «Адамның кейбір кездері», «Армысың, ару ақ Жайық» атты ғұмырнамалық кітаптары мен жыр жинақтары жарық көрді. «Өлке» баспасының бас редакторы болған кезінде Қызылқоға ауданының 60 жылдығына байланысты шығарылған «Қызылқоға – құт мекен», «Ер ардақтылары», «Тарихи тұлғалар» және Махамбеттің 200 жылдығы қарсаңында оқырман қолына тиген танымдық сериялы кітаптарын, «Махамбет елі» көркемсуретті альбомын шығаруға атсалысты. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасына орай «Мұнайлы өлке жақұттары» сериясымен жарық көрген өнер тарландары М.Бақтыгереевтің, Р.Ғабдиевтің, Қ.Ахмедияровтың ғұмырнамалық кітаптарын шығаруға басшылық етті. Қазір республикалық «Жұлдыз» журанлының бөлім меңгерушісі. 

«ҚазТрансОйл» жүлдесінің және Б.Бұлқышев атындағы Журналистер одағы сыйлығының иегері. 2008 жылы «Арыс» баспасынан «Жүгі ауыр жүрдек керуен», 2009 жылы «Жазушы» баспасынан «Жан қобдиындағы жақұттар» деген өлеңдер жинағы жарық көрді.

Көп оқылғандар