Тоқболат Еңсегенұлы
1939 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданының Өркендеу ауылында туған. 1957 жылы он жылдық мектепті бітіргеннен кейін комсомолдық жолдамамен Қазалы құрылыс учаскесінде эсковатор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істеген. 1958-1961 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1971-1973 жылдары Алматы жоғары партия мектебін тәмамдады. 1983 жылы филология ғылымдарының кандидаты, 2008 жылы филология ғылымдарының докторы, 2009 жылдан әдебиеттану мамандығы бойынша профессор.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1968 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы: журналист, әдебиеттанушы, түркітанушы. Т.Еңсегенұлы шығарған 30-дан астам кітап 14 монография, 1 оқулық, 10 оқу-әдістемелік құралдан және 5 көркем шығармадан тұрады. Бұған қоса 250-ден астам ғылыми, 70-ке жуық көркем сын мақала және 30 дан астам әңгіме жариялаған, және 130 очерк, өлеңдер жинағы жарық көрді. 2010 жылы “ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісімен марапатталды.
Негізгілерін атасақ, көркем шығармалары: «Тұтқын»–роман. «Бақ құсы»–повесть, әңгімелер, новеллалар. «Шайтан бөрі»–сатиралық поэмалар мен сықақ өлеңдер. «Сағыныш – сұлу тырналар»–повесть, әңгімелер. «Момын»–роман.
Монографиялары: «Әдебиетіміздің бастауы – «Авестада», «Атамұра», «Қорқыт ата әлемі», «Сыр бойы ақын-жыраулары», «Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары», «Көне түркі руна жазба өлеңдері», «Авеста» – түркілерге ортақ мұра», «Күлтегін жазба ескерткіші – авторы бар эпопеялық шығарма» Көне түркі руна жазба поэзиясы. Бірінші том – «Енисей бойындағы көне түркі руна жазба өлеңдері» Көне түркі руна жазба поэзиясы. Екінші том–«Ырқ бітіг» кітабы және қазақ, шығыс даналығы», Көне түркі руна жазба поэзиясы», Үшінші том– Алтай, Талас жазбалары: Уақыт пен кеңістіктегі көне түркі іздері», Көне түркі руна жазба поэзиясы. Төртінші том– Күлтегін ескерткішінің сарыны және қазақ тайпаларының іздері», Көне түркі руна жазба поэзиясы. Бесінші том– «Түркі империясын құрудағы Орхондағы жорық жазбалары және қазақтың батырлық жырлары», Бабалар жасаған рухани қазыналар. Жетінші том – «Қорқыт ата – туркілердің рухани кемеңгері».
Оқу және оқу-әдістемелік құралдары: «Қорқыт – Сырда туған», «Көне түркі шығармалары», «Оғызнама» – Сыр бойында туған шығарма», «Түркі ру-тайпаларының көне өлеңдері», «Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналары», «Рахмет жырау–Көрұғлыны жырлаған», «Қарасақал Ерімбет ақын», «Көне түркі руна жазба поэзиясы. Екінші кітап – «Орхондағы түркі руна жазба дастандары», «Ырқ бітіг» – «Алдыңды болжап бал ашатын кітап», «Көркем ойдың көкжиегі», «Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты».
Т.Еңсегенұлы қазір Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шақыруымен барып, осында әдебиеттану мамандығы бойынша қызмет атқаруда.
Көп оқылғандар
Қуаныш Жиенбай. Нөсер
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығы ашылды
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
Бақытбек Қадыр. Шаштараз
Асқар Алтай. Тасқын тып-типыл қылған «...Табыты»
Бозінгендей боздаған – Жамалхан Қарабатырқызының жоқтаулары
Ілияс Жансүгіров. "КҮЙШІ" поэмасы туралы бірер сөз
«Кітапхана. Кітап. Оқырман» атты кітап апталығы өтеді
«Қазақтың құдіретті Құнанбайы» жыр мүшәйрасы!
Cұраған Рахметұлы. Журнализм – қалам ұшындағы әлем
Төлеубек Омаров. Өлеңде бір терім бар алынбаған...
Жәнібек Қожық. Маңғыстау - құтты мекен, тұнған тарих
Дулат Аюбаев. Өлең сүйер Шыңғыстаудың ұлы екем
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Серік Құлжахан.Қызыл сақал
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Мақсат Тәж-Мұрат. Әр адамның арылу күні болуы тиіс
Думан Рамазан. Алланың әмірі
Жәудір Нартай. Люданың хаты
Мәлік Бердалиев. Ей, бауырым, өлеңімнің сырын ұқ...
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Сауытбек Абдрахманов. «Жадовскаядан»...
Сүйікті етші, сүйіктім
Лев Толстойдың күнделік жазбалары
«Адамтану» арқылы әдебиетті оқытқан