Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Аймақтар әдебиеті» жобасы басталды

26.06.2018 1578

«Аймақтар әдебиеті» жобасы басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасы ҚР Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Аймақтар әдебиеті» арнайы жобасын ұйымдастыруда.

«Аймақтар әдебиеті» – еліміздегі 14 облыс және Астана мен Алматы, Шымкент қалаларын қамти отырып, ауқымды әдеби орта қалыптастыру, аймақтардағы ақын-жазушыларды оқырман қауымға кеңірек танытуға бағытталған жоба.

Порталда ашылған арнайы айдарда ҚЖО аймақтағы филиал директорының алғысөзі беріліп, облыстағы ақын-жазушылардың, сыншылар мен әдебиеттанушылардың шығармалары жарияланып отырады. Сонымен қатар, порталда аймақтарда өткізіліп жатқан әдеби шараларға қатысты мақалалар, фотосуреттер мен бейнежазбалар жарияланады.

Аталған жоба арқылы аймақтардағы әдеби хал-ахуалды толықтай тануға, шалғайда жүрген жас қаламгерлердің қоғамдағы рөлін арттыруға, өңірлердегі әдебиет тарихын жіті зерттеуге, жас ұрпақтың санасындағы туған жерге деген іңкәрлікті оятуға, сондай-ақ жасампаз елімізді әдеби үдеріске жақындатуға мүмкіндік туады.

Осылайша, жыл соңында «Аймақтар әдебиеті» жобасына белсенділік танытып, ерекше ынтамен атсалысқан облысқа «Үздік әдеби аймақ – 2018» номинациясы беріледі.

Қосымша мәліметті 8 (7172) 79 82 06 (173), 8 702 451 55 79 номері бойынша біле аласыздар.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: аймақтарәдебиеті
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар