«Құлагер» - қазақ поэмасының рухани бойтұмары
Бұл жолғы «Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасында қазақ поэзиясының классигі Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай ақынның «Құлагер» поэмасы бүгінгі уақыт тезімен қайыра талданды. Бағдарлама барысында поэманың поэтикалық қуаты, хас жүйріктің тағдыры жайлы келелі ой қозғалады.
