«Парасат майданы» спектаклінің премьерасына шақырамыз
Бөлісу:
16-17 желтоқсан күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры «Парасат майданы» спектаклінің премьерасын ұсынады.
«Парасат майданы» — адамның ішкі әлемі мен рухани құндылықтары туралы сыр шертетін психологиялық драма. Қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдік шығармаларының негізінде («Оң қол» және «Парасат майданы») сахналанған. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Миргалиева. Қоюшы және киім суретшісі – Шынар Елембаева. Хореограф – Карина Джиренбаева.
Спектакльдің негізгі өзегі — адамның өз-өзімен күресі, қоғамдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы және ақиқаттың тереңіне үңілу. Басты кейіпкер — жалғыздық пен ішкі қайшылықтың құрбанына айналған жан. Ол адамдар арасындағы әділетсіздікке қарсы үн қатып, қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады.
Қойылым барысында көрермендер рухани құндылықтар мен материалдық әлемнің қайшылықтарын, адам болмысының күрделілігін, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырату мәселелерін терең сезінеді.
«Парасат майданы» — адамның рухани биігіне жету жолындағы күресін бейнелейтін, көрерменді ойландыратын, өмірдің шынайы мәнін іздеуге жетелейтін туынды.
Спектакльде басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл сомдайды. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Нөгербек, Боранбай Молдабаев, «Медениет саласының үздігі» Асхат Сұлтан, Жанар Қасымова, «Мәдениет саласының үздігі» Дастан Әлімов және Нұрсұлтан Есен, Заңғар Әбенов, Айкөркем Тұранова, Нұрбек Съезхан, Марғұлан Наменов, Руслан Алишев, Саида Сагинова, Нұрхан Қосанов, Еңлік Айымғазы, Гаухар Исмайлқызы сынды театр жастары қатысады.
Өтетін күні және уақыты: 16 желтоқсан 18.00
17 желтоқсан 19.00
Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru
+ 7 705 9902595 (whatsapp)
Бөлісу: