«Алтын қаламға» - 15 жыл

Бөлісу:

17.12.2024 231

Биыл «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай үш жылдық үзілістен кейін танымал конкурс жаңа маусымын жариялады.    «Алтын қалам 2024» әдеби жүлдесінің демеушісі Нұрлан Смағұлов қоры, бас ақпараттық серіктесі «Русское радио». 

Сонымен қатар, биыл жоба Қазақстан баспасөз клубы, "КТК", "31 телеарна",  «Almaty.tv», "Меломан" сауда желісі, «Сапалы Қазақстан» порталы, «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі,  "Massaget.kz" жастар порталы, "Айқын", "Жас алаш" басылымдарының қолдауымен өтеді. 

  Байқауда төмендегі номинациялар бойынша бақ сынаған қазақ тілінде жазылған әдеби туындылар анықталып, үздік  жеңімпаздар марапаттау рәсімі өтеді: 

1. Жылдың үздік балалар шығармасы 

2. Жылдың үздік поэзиясы 

3. Жылдың үздік прозасы

4. Жылдың үздік сатирасы 

5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы 

6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы    

Құрметті әріптестер, сіздерді  шараның әлеуметтік және қоғамдың  маңыздылығын ескеріп, аталған  шарамызға ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

КОНКУРС ЖАЙЛЫ:

«АЛТЫН ҚАЛАМ» әдеби жүлдесі

 «Алтын қалам» әдеби бауйқауының мақсаты– еліміздің  рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретінде өз үлесін қосу және жас дарындар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ету. 

Айта кететін жайт, қазылар құрамында  кәсіби қаламгерлер, әдебиетшілер жоқ. Көптің талқысына ұсынылған әдеби шығармалардың авторы да көрсетілмейді. Мұндай талаптар жүлденің әділ өтуіне кепіл бола алады. 

«Алтын қалам» байқау жұмыстарына жазушылар емес, оқырмандар баға беретін Қазақстандағы бірінші әдеби жүлде. 

Конкурс жайлы толық мәліметті  жүлденің www.aqalam.kz ресми сайтынан біле аласыздар

-

Басталуы: 2024 жылдың 18 желтоқсаны, сағат 14:00
 Өтетін орны: Алматы қаласы, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі,
Зенков көшесі, 24
Баспасөз қызметімен байланыс: 

E-mail: ediz87@mail.ru adebiet2014@gmail.com  

Тел.: +7-701-811-1107 (WhatsApp)
 PR-менеджері: Бекболат Төлегенұлы

Бөлісу:

Көп оқылғандар