«DALA DAUYSY» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтеді
Бөлісу:
Өтетін күні/уақыты: 23 желтоқсан, 19.00
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялаған болатын.
Конкурсқа соңғы екі жылда жазылып, көпшілік алдында жарияланбаған қазақстандық композиторлар мен жазушылардың шығармалары қабылданды. 2024 жылдың 1 сәуірі мен 1 қарашасы аралығында жалпы 154 өтінім келіп түсті.
Жеңімпаздар мен лауреаттарды жабық тәртіп бойынша арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның Халық артистері Т.Мұхамеджанов, А.Мұсаходжаева, М.Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Р.Мұқанова, Ә.Бөпежанова, А.Маемиров, дирижер Қ.Омаров сынды белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері енді.
Конкурс 5 номинация бойынша 15 сыйлықты қамтиды. Шығармашылық конкурстың жалпы жүлде қоры – 47 млн теңге.
Оның ішінде «Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша вокалдық – аспаптық шығарма (ән, жыр – терме, толғау) үшін 1 500 000 тг, аспаптық шығарма (күй) 1 500 000 тг, аспаптық шығарма (ансамбль) 2 000 000 тг, халық аспаптар оркестріне арналған шығарма 3 000 000 тг;
«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша жеке аспапқа арналған туынды (кіші форма – пьеса, поэма, вариациялар, әйгілі әуендерді жекелеген аспаптарға өңдеу және басқалары) 1 500 000 тг, ансамбльдерге арналған туынды (екіден он екі аспапқа немесе дауысқа дейін) – 2 000 000 тг, оркестрге арналған шығарма (симфониялық оркестрге немесе үрмелі аспаптар оркестріне арналған, камералық оркестрге арналған) 3 000 000 тг;
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша драма театрларына арналған тарихи немесе заманауи тақырыптағы пьеса үшін – 2 500 000 тг, балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған пьеса үшін – 2 500 000 тг.
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша опера (композиторына) 5 000 000 тг, либретто (авторына) 3 000 000 тг, балет (композиторына) 5 000 000 г, либретто (авторына) 3 000 000 тг, мюзикл (композиторына) 4 000 000 тг, либретто (авторына) 2 000 000 тг;
«Республика әні» (Эстрада жанры) номинациясы бойынша патриоттық ән (композиторына) 1 500 000 тг, мәтін авторына 1 000 000 тг;
Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігінің екі арнайы жүлдесі қарастырылған.
Жеңімпаздар мен лауреаттар 23 желтоқсан күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтетін Гала-концертте жарияланады.
Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru
+ 7 705 9902595 (whatsapp)
Бөлісу: