Ретбек Мағазұлы. Сүбелі туындыға сұқтанған кім?!
Бөлісу:
«Әдебиет порталында» Айжамал атты қарындасымыз: «Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты тарихи романын оқып шықтым...», - депті. Оқығаның жақсы. Жалғыз сен ғана емес, бүгінгі қазақ жастарының бәрі де оқу керек. Рас, білуі керек кешегі қанкешкен кер заманның зар мұңын. Тек сен құсап қолына қап-қара күйесін ұстай келмей оқу керек.
Жарайды, қош. Бұл кітапті бізде оқыдық. Жалғыз Жәди Шәкенді емес, Халифа Алтай, Дәлелхан Жаналтай, Хасан Оралтай, Сүлеймен Дәрібай, Сейітхан (Қарамолда) Бортан қажы, Қабылқақ Күлмесқан, Шайсолтан Қызыр, Шәміс Құмар, Мұхаметәлі Қалитұлы, Қапас Қошуұлы, Ермұхан Ібірәліұлы, Саяхат Мейірімханұлы, Сағатхан Таңқайұлы, Әпетай Мұқарапұлы сынды көзі қарақты ағаларымыздың жазғандарын дерлік оқыдық.
Елісхан болмаса сол дәуірдегі баһадүр бабаларымыздың қай қайсысы ойдан құрап алып шығатын арғы тарихтың адамы емес. Айжамал қыз сен екеуміз көрмегенімізбен біздің әкелеріміз, иә болмаса аталамыз көзімен көрген, саптаяқтың сабына қарауыл қойы, етікпен қан кешкен қатарлас өмір сүрген адамдардың біразының көзі бар әлі. Бастағы осы уақиға туралы қалам тербегендердің көбі сол екеуміздің атамыз секілді секілді көзі көргендерден естігені. Естігенін сәл ғана көркемдеп өзінің қалам табын салып өріп шыққан. Адамның, жердің, уақиғаның тіпті кейбір ауыз екі диалогтардың ұқсас шығуы заңдылық.
Сағатхан Таңқайда Жәди Шәкенде сол қазыналы қарттардан естіген, тірнектеп жүріп жиғандарының басын қосып бірі «Қасым батырды» жазса, бірі «Қаралы көшті» кітап етіп оқырманға ұсынды.
Әліп ауылын жаудың басып қалғанын барлық жазушы баласынан есігенін жазды. Расында алғашқы хабарды таймен тепеңдеп әзер жеткен баласы жеткізген, Қаптықтан қайтқан кезіде рас. Сонда не жазушылар бір біріне ұқсамау үшін болған тарихи уақиғана ойларынан өзгерту енгізу керек пе?!
Қазақ әдебиетінде әсіресе қазақ прозасының негізігі ауқымын тарихи шығармалар алатыны баршаға аян. Тарихи тұлға, болған уақиға туралы барлық жазарман тек сол шындықты ғана жазуға әрі көркемдеп жазуға тиісті. уақиғалардың болмаса адам аттарының уақттың сәйкестігі әлде ұқсастығы ол көшірмешілік емес. Жазарманды бұл жерде тек көркемдік дәрежесімен ғана бағалай аласың.
Кім қалай жеткізді. Кімнің қаламы қарымды?!
Қазақ халқының басынан өткізген әр кездегі аумалы төкпелі кезеңдер туралы барлық қаламгерлер қалам тартты.
Тарихи оқиғағаны бар адам жазады, қазақ тарихын кемінде 1000 адам жазды, бір тарих, жазушысы әр қалай. Аталған шығарма тарихи роман.
Ал енді, ««ҚАРАЛЫ КӨШ» КІТАБЫ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ» деген Ж.Шәкенұлының мақаласына тоқталайық:
«2007 жылдан бастап осы тақырыпқа қалам тартқандардың жазбаларын ақтара бастадым. Сол көштің куәгерлері Халифа Алтай, Дәлелхан Жаналтай, Хасан Оралтай кітаптарын аударып төңкердім. Оған да қанағат таппай, Шынжаң жағындағы жазылған дүниелерді іздедім. Сүлеймен Дәрібай, Сейітхан (Қарамолда) Бортан қажы, Мұхаметәлі Қалитұлы, Қапас Қошуұлы, Ермұхан Ібірәліұлы қисса-дастандарын оқыдым.
Алтын арқау Алтайдан Анадолыға жетеледі. 2008 жылы алтыншы маусымда ұшаққа мініп Түркияға бардым. Көштің көзі тірі куәгерлерін іздедім. Алдымнан шыққан Абдуақап Қара, Хасан Оралтай, Мариям Хакім, Мұстафа Көк іздеген соқпағымның сорабына салды. Дәлелхан Жаналтаймен сәлемдесудің де сәті түсті. Дегенмен де көнекөздердің көбі өлген, кеш қалғанымды сездім. Бірақ бәрібір жоғымды табамын деген сенімде едім. Нида қаласының Ұлықшыла ауданы Алтай ауылынан Елісханның немере інісі, алғашқы көштің тірі куәгерлерінің бірі Әтейхан (Қайсаұлы) Білгінді тауып әңгімелестім. Ол кісінің құлағы ауырлаған, айғайлап сөйлесуге тура келді. Солай болса да, көкірегі ояу қарт өткен тарихтың тамырын суырып, талай әңгіме айтты. Өзінің қартайғанын, тың күнінде Шынжаңға барғанда Саяхат Мейірімханұлының көп әңгімелесіп мол дерек алғанын, Шынжаңнан келіп талай қарттың әңгімесіне құлақ түрген Ғазез Мәлікұлының да құймақұлақтығы мен біраз нәрсе білетінін ескертті. Сөйтіп Түркияны бір айналып шығып, ат басын Шынжаңға бұруыма тура келді. Алматыға оралғанымда үйіме бір ғана қонып, ертесі Үрімжі қаласына аттандым.
2008 жылы маусымның ортасында ең әуелі осы тақырып төңірегінде қалам тартып, «Бөке батыр» атты роман жазған, қытайдағы көрнекті жазушы Шәміс Құмарұлын таптым. Ол кісінің ағалық ақыл, қаламгерлік қамқорлығымен Қаһар Сіләмжанұлы – бәріміз Моридан Баркөлге дейінгі аяғымыз жеткен жердің біразын шиырлап, көштің алғашқы басталуына себеп болған «Әліп шабылған» жерді көрдік. Жер болған шаһидтер қабіріне дұға оқып, өткен күндер елесіне көз жүгірттік. Шошан құмы, Күңіректің жотасы, Ошақты, Бисан жайлауларына дейін кездік.
Баркөлде осы тақырып аясында қалам тартқан Саяхат Мейірімханұлы, Сағатхан Таңқайұлы сияқты қаламгерлермен кезіктім. Ғазез Мәлікұлын іздеп едім, ол кісі Қазақстанға көшіп кетіпті. Оқиғалар болған орындарды аралап, жер жағдайына қанығып, Алматыға оралдым. Ғазезді іздеп тауып, ол кісінің білетін деректерімен де қанықтым. Түркиядан көшіп келген Шәріп Найман, Құланбай Нәзір, Сауат қажы Зуқаұлы секілді сексен-тоқсандағы көне көздерге жолықтым. Елісхан қайтыс болғанда қасында болған балдызы Кәрменнің әйелі Күлпаран апаның Стамбулда екенін Алматыдағы ұлы Мұстафадан кеш білдім. Десе де, ештен кеш жақсы деп, ол кісімен телефон арқылы сөйлесіп, кейбір жұмбақтардың жауабын алдым. Ахметқалидың Нұрқатия деген әйелінен туған Марғума деген қызының қызы Ханышайымды Алматыдан таптым. Олар фамилияларын нағашы аталарының есімімен «Ахметқалиева» деп атайды екен.
2009-2010 жылы Қытайға тағы да екі мәрте ат басын бұрып, Гансу өлкесінің Ақсай, Дұңхуаң өңіріне бардым. Кенжебек Зарқұмұлы сияқты азаматтар аз да болса өз деректерімен, жер жағдайымен таныстырды. Манжархан, Шәмши жазбаларын, Қабылқақ, Әпетай кітаптарын, Алтай, Баркөл, Ақсай шежірелерін көрдім. Күйтүнде Муса Бабақұмарұлымен кеңестім. Деректер теңденіп қайттым.
Осының бәрін жинай келіп, бұл оқиғалар төңірегіндегі халықаралық жағдай мен сол кездегі қытай қоғамы жөніндегі кітаптарды қайта парақтадым.
Сөйтіп, көш туралы алғашқы мағлұматқа ие болып, өзім білетін әңгімелерді деректермен, жазбалармен салыстырып, тағы бір мәрте сүзгіден өткіздім. Кейде бір шалдан естіген әңгімеме қанағаттанбай оны екінші шалдың әңгімесімен, бір кітаптағы деректі екінші кітаптағы деректермен салыстырып шықтым».
Жәди Шәкенұлының бұл сөзінен «Қаралы көштің» қалай жазылғанын материялдың қайдан алынғанын анық аңғарамыз.
«Ұры» деп шулатып отырған Айжамал қыз, жоғарыда аталған әдебиеттерден тек қана Сағатхан Таңқайдың «Қасым батыр», «Сары жұлдыз» кітабын оқығанын жазыпты.
Арғы, бергі бетті бірдей білетіндер бір оқиғаны әр адам әр түрмен жеткізгенде қайсысының иін қаныдырып, жақсы жазтынын анық аңғарып, Ж.Шәкенұлына үлкен құрметпен қарады.
Айжамал қыз аталған әдебиеттердің барлығын оқыса бәрінен де «көшіріпті» дейтін шығар.
Ертең есті оқырман өз елегіндегіні ғана оқиды. Оны сен екеуміз елеп бере алмаспыз.
Осыншама көп автор тарихқа бәрі бірдей қала алмайды. Бірен сараны ғана. Айжамал қыз, қарындас шығарсың, замандас боларсың. Осы жоғардағы аты аталған авторлардың бәрін оқып шық. Екі-ақ автордың шығармасымен сен екеуміз ұры ұстай алмаймыз. Бәрінде де, сол кейіпкерлер мен уақиғаларда бір-біріне ұқсастық өте көп. Оны оқысаң білесің. Тек ұрың көбейіп кетіп ие болмай қалмасаң болғаны. Әуелі Сағатхан ағаң жазған дүниені одан бұрын басқалардың да жазып кеткенін білгенде «ағаңды да» «ұры» демесең болғаны?!
Жәдидің жазғанын жай оқырман ғана емес, мүйізі қарағайдай қаламгерлер, әдебиетші ғалымдар жоғары бағалады. Былай қарағанда бәрінің жазып отырғаны бір ғана оқиға. Шынжаңдық қазақ қаламгері С.Таңқайұлы соның біреуі ғана. Және Сағатханның оқиғалары «Қаралы көштің» алғашқы тарауларында ғана қайталанады. Және де ешқандай көшірме (ұрлық ) емес. Қазірде бұл оқиғаны тағы біреу жазғысы келсе де сол оқиға, сол кейіпкерлер. Ж.Шәкенұлының шығармасын онымен салыстыруға мүлде болмайды. Тіпті Ж.Шәкенұлы көп деректі суретімен көрсетіп отырып, «соқырға таяқ ұстатқандай» жазған. Көркемдік деңгейіде жоғары.
Роман жайында жазушы Жанат Ахмади: «Жазушы Жәди Шәкеннің «Қаралы көш» аталатын романы қазақ көркем әдебиетіне келіп қосылған үлкен олжа деуге болады. Мұндағы оқиға жайлы бұрын аздап қалам тартылып жүргенмен дәл мұндай егжей-тегжейлі көркем шежіре шертілмеген-ді. Айтса айтқандай-ақ қазақтың басына түскен қаралы көш оқиғасы автордың көп тер төгіп еңбектенуі арқасында терең қамтылған. Баркөлден басталып Гансу, Чиңхай, Тибет, Үндістан, Пәкстан жерлерін көктей өткен бұл көштің небір қанды қырғындардан аман қалған тамтығы Түркияға жетіп жығылады. Бір кереметі солардың жұрнағы бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырып отырғанын ауыз толтырып айтуға әбден болады. Қазақ ұлты үшін осындай қомақты тарих жатқан бұл ғажайып оқиға жайлы романды жазудың үлесі Жәди Шәкенұлының маңдайына бұйырған екен. Және кім оқыса да ізі жосылған тарихи шындыққа әрі роман тілінің әшекейіне мін таға алмастай», - деп жазды.
Көрнекті әдебиетші ғалым, профессор, ф.ғ.д. Темірхан Тебегенов «Жұлдыз» журналында (№ 11, 2012» - «Ұлт тағдыры жайлы сүбелі туынды» деген мақала жазды. Онда: «Жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» романы да жалпы түркілік этнос ерекшеліктері аясында жазылуымен ерекшеленеді. ....Бес тараудан тұратын романдағы бейнелік өрнектері жазушының қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамындағы үлгілерді қолданудағы шығармашылық шеберлігін байқатады. Жазушының эпикалық баяндауларындағы тіршілік қозғалыстары, тұрмыстық-әлеуметтік орта тынысы, табиғаттың пейзаждық суреттері қазақ тілінің теңеу, айқындау, құбылту, айшықтау өрнектерін үйлесім өрілімдерімен жазу сымбатын танытады… Қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрнекті жазушыларымыздың бірі Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» романындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім мәселелерін саралай келгенде, эпикалық шығарманың Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық сөз өнері дамуына қосылған сүбелі үлес болғанын бағалаймыз» , - дейді.
Марқұм, үлкен әдебиетші ғалым Тоқтар Бейісқұлов та «Үш қоңыр газетінде» «Қаралы көш» жайында аса жоғары баға берді. Одан қалса, Бекболат Тілеухан «Айтыс.кз» сайтына жазған пікірінде: «Ұрпақ қамы үшін Алтайдан Гималай асып, Такламакан шөлін басып, Түркия арқылы Қазақияға жетіп, Кеңес үкіметі орнатқан дінсіздіктен кейінгі Қазақстанда Исламның қайта өркендеуіне айрықша үлес қосқан Халифа Алтай сынды атамыздың арманы қандай асыл еді?! Алла Тағала істеген ісіне береке беріп қойды. Әйтпегенде олардың көрген қиындығын жазушы, Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» романын оқыған қазақтың бәрі білер деп ойлаймын» деп тебіренді.
Қытай әдебиеті мен қытайдағы қазақтар әдебиетіне қанық Филология ғылымдарының кандидаты. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетінің оқытушысы Бекқожа Жылқыбекұлы: «Жалпы «Қаралы көш» романы ұрпақты құлдық санадан құтқаруға жетелейтін таптырмас оқулық. Оны оқып отырып бүгінгі тарихымыздың, ертеңге керек рухтың алтын беттерін аялай парақтағандай күй кешеміз. Қазақ болып өмір сүремін деген әр қандай пенде «Қаралы көшке» қол жеткізсе өзі жайында қайта ойлана бастайды. Әсіресе кеңестің кезеңнің кексе дәстүрін бұзған еркін ойлы қазақтың қол таңбасы бірден көзге ұрады» - дейді.
Одан қалса қытай мемлекеттік сыйлығының иегерлері – Серік Қапшықбаев, Тұрсынәлі Рыскелдиев те бұл шығарманы арғы беттегілермен салыстыруға болмайтын жоғары деңгейімен бағалаған болатын.
Бұл сенің ұры деп отырған Жәди Шәкенұлының шығармашылығына әсіресе «Қаралы көш» романына берілген бағалар. Жоғардағы осы пікірді білдіргендер әдебиет тану негізінде сен екеумізден кем соқпасы анық. Осыныда ойланғаның жөн.
Жанат Ахмадидың сөзімен айтқанда: «Қан жылап өткен қайран қарындастарымызды, намысы бір қандас бауырларымыздың қызыл қырғынын осы кітап арқылы күні бүгінгідей жоқтау айтып алдымызға тартқан авторға жүрегімізбен қуана білуіміз керек. Ол ғана емес, шығармасына да адал баға беруіміз керек. Тарих ешкiмнiң ақысын жемейдi екен. Қызыл қанға бөккен елдiң есесiн бүгiн Жәди Шәкенұлы деген жазушы жоқтап отыр...», - деді.
Ж.Ахмади ағамыз айтқандай бұл шығарма ешкімнің ойыншығы емес. Оған арзан ақыл, жеңіл мінез, қара күйе керек емес, тек қана қазақ қаны бар адам бұл шығрмамен мақтануы керек.
Айжамал қыз, мен facebook арқылы берілген сілтемеден көріп қалған мақалаңа өз ойымды айттым. Оны қалай қабылдайсың өз еркің. Мен үшін Сағатханда Жәдиде сол тарих туралы қалам тербеген қарымды қаламгерлер. Сен секілді біруды жақсы көріп мақтау үшін екінші адамды қаралау ғадетімде жоқ.
Айтпақшы осы тақырып туралы менде біраз ізденіп көрген ем. Айжамал-қыз, артық болмас сағанда берейін, осы материалдарды тауып оқып көр деген кеңес айтқым келеді. Сен осының бәрін оқып көріп, менімен, оқырманмен қайта кеңес. Кешірім сұрауға әлі де жетерлік уақытың бар.
Көш жайындағы әдебиеттер тізімі:
1.Ә.Қара, Түркиядағы қазақтар туралы жасалған зерттеулер,А.,1992.
2.Г.М. Мендикулова, Исторические судьбы казахской диаспоры
(происхождение и развитие) , А., 1997.
3.Казахская диаспора.Проблемы этнического выживания, А.,Атамұра- 1997.
4. Х.Алтай, Естеліктерім, Стамбұл.,1980.
5. Х.Алтай, Атажұрттан Анадолыға дейін,Анкара.,1981.
6. Х.Алтай,Қазақтар туралы шежіре, Стамбұл.,1977.
7. Л.Годфрей, Қазақ қырғыны,Лондон.,1977.
8.Х.Оралтай, Бостандық жолында Шығыс Түркістан
қазақтары,Стамбұл.,1961.
9. Х.Оралтай, Елім- айлап өткен өмір, А., Ғылым, 1997.
10.Х.Ғайретолла,Алтайдағы қанды күндер, Стамбұл.,1977.
11.И.Сванберг, Түркиядағы қазақ босқындары,Уппсала., 1989.
12. Қ.Найманбаев, Қазақ диаспорасы және қауымдастық//Егемен
Қазақстан- 2004.
13. Алтын бесік, (Ел аралық қоғамдық – саяси, әдеби-көркем журнал) №5,
А., 2005.
14. К. Тасболатова. http:// www .turkystan.kz
15.Ә.Қара,Көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақтар және
Қазақстан,Алматы.,2006.
16. Отан ортақ, ой ортақ//Егемен Қазақстан-2007.
17.Түркия қазақтарының тілегі бір.,www.khabar.kz
18.Е.Бекқұлов,Түркияда тұрақтаған қазақтар,//Шымкент келбеті-2006.
19.С.Балғабай,Елге асыққан қандас көп//Егемен Қазақстан- 1993.
20.Н.Мустафаев, Казахи зарубежья,//Мегаполис-2006.
21.Е.Кәпқызы ,Тұқымымыз тұздай құрымаса екен дейді қандастарымыз,//
Қазақ елі-1999.
22.Үш қазақтың біреуі жат жұртта жүр,//Егемен Қазақстан- 2000.
23.Тілек Дәулетов, Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының
шежіресі,(20.11.1992ж.-29.07.2002ж.)А.,2002.
24.Б.Сапаралы, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, А., Атамұра-
Қазақстан,1993.
25.М.Қойгелді, Сыны мен сыры үйлесімді Түркия,// Егемен Қазақстан,2006. 4- қараша.
26.Я.Дінаш, Европадағы қазақтардың жұтылып кетпеуі үшін, Қазақстан көмек
беруі керек, // Қазақстан- Заман 24 тамыз,2007.
27.Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы, А., Жеті жарғы,2007.
28.Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі, Астана Елорда., 2005.
29.М.Тәтімов, Қазақ әлемі, Атамұра 1993.
30.Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы,А., 2003.
31.Түркиядан келген мейман, Исламбек Қ., Жаңа өмір, №85,1990.
32. Құланбай қажы Нәзір«Қилы жылдар шежіресі»
33. Алтын бесік, (Ел аралық қоғамдық – саяси, әдеби-көркем журнал) №5, А., 2005.
34. К. Тасболатова. http:// www .turkystan.kz
35. Қытай қазақтарында шыққан «Шынжаң қазақтарының шығысқа аууы», «Қасым батыр», «Киелі көш», «Баркөл тарихи материялдары», «Ақсай қазақтары», «Сарқырама», «Бөке батыр», «Зуқа батыр», «Алтай тарихи материялдары», «Өрт пен селдің ортасында», «Шынжаң тарихи материялдары». Тағы басқа көптеген материялдар бар.
36. Жәди Шәкенұлы, Қаралы көш // “Тұран” баспасы, 2010 жыл.
37. Түркия қазақтарының тілегі бір.,WWW.Khabar.kz
38. Х.Алтай «Алтайдан ауған ел», Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.
39. Дәлелхан Жаналтай «Қилы заман қиын күндер», Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.
40.М.Киршнер, Стамбұлдағы қазақ босқындарынан жазып алынған әңгімелер
41. Жәди Шәкенұлы «Қаралы көш» Алматы «Тұран» 2010
42. Қытай қазақтарының рулық шежірелері
Ретбек Мағазұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық унивсерситеті, әдебиеттану магистранты
Бөлісу: