Түркияда ХХІІ Халықаралық Хазар ақындар кеші өтті

Бөлісу:

01.10.2014 2624
Түркия елінде Халықаралық Хазар поэзия кеші осымен  ХХІІ рет ұйымдастырылды.  Ақындар кеші ақындармен жазушылардың кітаптарына қол қою рәсімімен басталды. Қол қою рәсімін Елазык қаласының Туризм жіне мәдениет департаментінің басшысы ашты. Түбі бір түркі елдерінің танымал ақындары арнайы келіп, жырдан шашу шашатын бұл шара 1992 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Күллі түркі дүниесі үшін маңызы зор поэзия мерекесіне биыл Қазақстанның атынан белгілі ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет қатысты.

                                         22-hazar-siir-aksamla-8-161486_b.jpg

Елазык қаласында Өлкеміздің және Түрік Дүниесінің мәдени өміріне маңызды үлесін қосқан Халықаралық  Ақындар кеші ұйымдастырылды және оның аясында ақындар маршы өтті. Бұл маршқа қала басшылары, Түркияның  бүкіл қалаларынан келген қонақтар, оқушылар және Түрік дүниесінің ақындары қатысты. 

Түрік әлемінен келген қатысушылар тізімі:

Есдаулет Ұлықбек - Қазақстан
Акыф Ахмадов - Азербайжан
Джевдет Кадыоулу- Ирак
Рапик Гумбатов - Грузия
Фиодур Занет - Гагаузия
Тауыр Кырымов - Крым
Керімбек Кадыракунов - Қарғызстан
Міразиз Ағзамов - Өзбекстан
Фарыт Яхын -Татарстан

                                         22-hazar-siir-aksamla-7-161486_b.jpg
XXII Халықаралық Хазар ақындар кеші ақындармен жазушылардың кітаптарына қол қою рәсімімен басталды. Қол қою рәсімін Елазык қаласының Туризм жіне мәдениет департаментінің басшысы ашты.  Ақындар кешінің бағдарламасныда Азербайжан, Ирак, Грузия, Гагаузия, Алтай өңірі, Қазақстан, Өзбекстан және Татарстаннан келген қатысушылары «Байрақ» тақырыбындағы өлеңдерін оқыды. 
Елазығта бас қосқан поэзия саңлақтары екі күн бойы өздерінің өлең жырларын оқып, түркі әдебиетінің қазіргі жағдайын талқылады.

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар