«Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды

Бөлісу:

04.11.2014 3363
Кеше Астанада XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды. Талантты жастар бақ сынайтын фестивалдің шымылдығы бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында ашылды.

Биыл «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Ұлттық музыка», «Хореография»,  «Камералық хор»  аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталатын болады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, өнер бәсекесіне Корея, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия сынды 11 мемлекеттен 500-ге жуық жас өнерпаз келген. Олардың өнеріне 10 елден келген белгілі өнер қайраткерлері баға бермек.

_MG_8549.JPG
_MG_8593.JPG
_MG_8636.JPG
_MG_8652.JPG
_MG_8699.JPG
_MG_8777.JPG

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар