Астанада шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің аясында әр түрлі сайыстар өтеді

Бөлісу:

28.09.2015 2849




Безымянный.png



ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен 2015 жылғы қазан айының 29-30 жұлдызында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің аясында жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өтеді.







Байқаудың мақсаты:



* Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу;


* Жастарды ұлттық құндылықтар рухына сәйкес қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;


* Ел мен жердің тарихына, ұлтымыздың жүріп өткен жолына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру;


* Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, тәуелсіздік тағылымдарын терең сезіну, елдік мәселелерге сергек қарау қасиеттерін арттыру;


* Қазақ халқының мәдениеті мен салтын насихаттау;


* «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттау;


* Шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігін насихаттау.


Мүшәйра, терме және көрме сайыстарына қатысу шарттары:


* Қатысушылардың жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуға тиіс;


* Мүшайра, терме және көрме сайыстарына қатысушы шығармашылық өкілдері шетелде тұратын отандастарымыздың арасынан болуға тиіс;


* Автордың мүшайраға және көрмеге жолдаған шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.




Мүшәйра талаптары:



Бірінші өлең – Қазақ хандығының тарихы, тарихи тұлғалар бейнесі, елдік мәселелер тақырыбында болуы керек (3-5 минут); – міндетті


Екінші өлең – Шетелдегі қандастар тағдыры мен көші-қон туралы(3-5 минут) – міндетті.


Үшінші өлең – еркін тақырыптағы өлең (3-5 минут) – қажеттілігіне орай



Терме сайысы талаптары:



1 шығарма – Елдікке шақыратын, бірлікке бастайтын елжандылық бағыттағы термелерден тақырыпқа сай бір шығарма орындау (3-5 минут);



2 шығарма – Еркін тақырыпта терме орындау (3-5 минут).




Көрме талаптары:



1 тақырып бойынша Кескіндемешығарма көлемі 100*150 см.-ден кем немесе аспауы тиіс (Материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз).



2 тақырыпбойынша Графикалық шығарма көлемі 40*90 см. (Материалдары: офорт, линогравюра, литография, т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.



Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.



Жеңімпаздарды марапаттау әр сайыс бойынша:



Бас жүлде – біреу -200 000 (екі жүз мың) теңге


І орын – екеу – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден


ІІ орын – екеу- 120 000 (жүз жиырма мың) теңгеден


ІІІ орын – екеу – 80 000 (сексен мың) теңгеден


Ынталандыру сыйлығы – үшеу- 60 000 (алпыс мың) теңгеден



Өтініштер 2015 жылдың қазан айының 20 жұлдызына дейін қабылданады:



Төлқұжатының көшірмесі;


Шығармашылық өмірбаяны;


10х15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;


Екі кезеңде орындайтын шығармалардың тізімі.



Мекен жайы: Астана қаласы, Рысқұлбеков көш., 16/3 үй, 203 п. Ұялы телефон: +7 747-204-88-35 Эл.пошта: festivalkaz@mail.ru





adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар